«ҚазМұнайГаз-Сервис NS» АҚ шығындарының заңдылығын анықтау талап етілді

«ҚазМұнайГаз-Сервис NS» АҚ шығындарының заңдылығын анықтау талап етілді

    «Ақ жол» Щучинск қаласында гольф алаңын салуға «ҚазМұнайГаз-Сервис NS» АҚ шығындарының заңдылығын анықтауды талап етті. Фракциясының депутаттық сауалын Ғани Хамзин жариялады.

Премьер-министр

А. А. Смайыловқа

Жоғары аудиторлық

Палатаның төрағасы

Н. Н. Годуноваға

          Табатын табыстан гөрі ойланбай жұмсалған қаражат жанұяда болсын, команияда болсын, мемлекетте болсын кері әсерін тигізеді. Бұл туралы «Ақ жол» ҚДП фракциясы көптеген жылдар бойы айтып келеді. Дегенмен, ұлттық компаниялар әлі де өз шындығында өмір сүруде. Осылайша, Түркиядағы қажетсіз 2 сәнді қонақ үйге, Щучинск қаласындағы гольф алаңына және басқа да нысандар мен сәнді дүниелерге ондаған миллиард теңге жұмсалды.

     QAZAQGAS қазіргі уақытта Щучинск қаласында «ҚазМұнайГаз-Сервис NS» АҚ еншілес ұйымы арқылы керемет гольф-клубқа ие. QAZAQGAS жеке ұлттық компанияға айналғанға дейін «ҚазМұнайГаз-Сервис NS» АҚ «ҚазМұнайГаз» АҚ құрамында болды. Гольф-клуб 2017 жылы 16,4 млрд. теңгеге салынған, бірақ келесі жылы бейінді емес актив ретінде сатылымға шығарылды.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулысына 5-қосымшаға сәйкес «ҚазМұнайГаз-Сервис NS» АҚ 2022 жылдың соңына дейін жеке меншік иелеріне сатылуы тиіс болатын. Гольф клуб 6 рет сауда-саттыққа шығарылды, ал 2019 жылы олар

4,1 миллиард теңгеге сатуға тырысты, бірақ бұл бағаға да сатып алушылар таппады. Міне, мерзімдер келіп тұрғанда, жетінші рет бағасын 18 млрд. теңгеге қойды, бұл ретте сауда-саттық ағылшын әдісі бойынша, яғни өсу әдісімен өтеді. Бейінді емес актив 2022 жылдың соңына дейін сату жазылған, аққа қара түспен жазылған қаулыны диверсиялау болмай немене?

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ күн батареяларын өндіру бойынша KazPV жобасын жекешелендіру қажет болғанда, сауда-саттық голланд әдісі бойынша жүргізілді және оған 88 млрд. теңге инвестицияланған активтер 1,5 млрд. теңгеден аз қаражатқа сатылды. Бұл активтер біреуге қажет болған кезде, оларды төмендету сауда-саттығы арқылы сатуға болады, ал қыс кем дегенде 6 айға созылатын жерде гольф клубы болған кезде, бағасын көтеру үшін сауда-саттықты өткізу қажет.

         Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2021 жылы Ұлттық компания гольф клубын аяқтаған. Оған ол 2,066 млрд. теңге жұмсаған. Нәтижесінде «Клаб хаус», «VIP-вилла» және «Жатақхана» секілді іске қосу кешендері пайда болды. Компания жекешелендіру жоспарына кіргеннен кейін және оны 4,1 млрд. теңгеге сата алмаған соң, халықтың 2 млрд. теңгеге ақшасын инвестициялады, бұның зиян екені анық! Оның үстіне, республикалық бюджет тапшылығы мен сырттан алынған қарыздың көлемі өсіп келе жатыр. «ҚазМұнайГаз-NS сервисі» құрылысты аяқтауға ақшаны қайдан алды? 2020 жылы компанияның шығыны 511 млн. теңге құрап, келесі жылы көрсеткіш 1,066 млрд. теңгеге жетті. Гольф-клубқа іргелес нысандарды салуға ақша тартылды, дегенмен қаражатты шынымен қажетті инфрақұрылымдық жобаларға, мысалы, еліміздің қалаларындағы жылу желілерін жаңғыртуға жұмсауға болар еді. Бұл нысанның тарихы ұлттық компаниялардың өз шығындарын, әсіресе бейінді емес активтерге немқұрайлы қарайтындығын көрсетеді. Түркиядағы гольф клубы, яхталар, қонақ үйлер сияқты нысандар тезірек жекешелендірілуі керек. Мұндай мерзімдерді кейінге қалдыру бюджетте ауыр жүктеме болып табылады.

       Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы келесіні талап етеді:

Квазимемлекеттік сектордың барлық бейінді емес активтеріне кешенді аудит жүргізу.

«ҚазМұнайГаз-Сервис NS» АҚ-ның гольф-клубқа іргелес объектілерді салу бойынша транзацияларын жұмсалған қаражаттың заңдылығы мен негізділігіне тексеру.

Құрметпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттары

 «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі