МАҢҒЫСТАУДЫҢ МАҢҒАЗЫ!

МАҢҒЫСТАУДЫҢ МАҢҒАЗЫ!

«Бұл қа­зақ­та жігіттер бар нар қасқа, Жар­қылдаған алмастай...» - деп Төлеген ақын жырлағандай қазақта мықты марқасқа жігіттер баршылық. Солардың бірегейі, 26 желтоқсанда Шайырда туған, Маңғыстаулық азамат - Самат Базарбайұлы Мусабаев! 

Сакең қарапайым отбасында дүниеге келіп, өзінің еңбегімен елге белгілі кәсіпкер атанды. 

Сөз бар ғой "Өзін-өзі жасап шығарған адам" - деген. Осы теңеу Самат Базарбайұлына сай келеді. 

Қазақта тағы бір сөз бар "Өле жегенше, бөле же" - деген. Мусабаев өзінің кәсібін дөңгелетіп қоймай, қазір "...мен мықтымын!" - деп жүрген кәсіпкерлерді жарыққа шығарған тұлға. Жігіттер, тендер "берушілерге" тәуелді болсаңдарда, Саматтың сендерге жасаған еңбегін ұмытпаң! 

Исламда ең мықты не нәрсе садақа дейді. Өйткені пенденің басқа адамға өз дүниесін бөліп беруі немесе қолымен, сөзімен жақсылық жасауы қиын нәрсе. Рухы, иманы мықты адам ғана оны жасай алады. Сакең талай мұқтаж адамдарға көмегін жасаған кәсіпкер. Алдына келгенді қайтарғаны аз болар.

Шығармашылыққа да бір табан жақын. Талай ақын, әртіс, жазушы және басқа да мәдениет саласының қызметкерлеріне көмегін аяған емес. Спортшыларға талай демеушілік жасады.

Айта берсек бұл ініміздің қолдау көрсетпеген бағыты жоқ шығар.

Соңғы екі жылда Самат бауырым Мәжілісте ел үшін жанын ортаға салып жүрген депутаттың бірі. Кешегі қаңтар оқиғасындағы батырлығын бүкіл әлем көрді. Заңдарға өзгеріс енгізіп, керек жерінде Үкіметпен тіресуге дейін баратындығы, өзінікі дұрыс болса қайтпайтын қайсарлығын көріп жүрмін. 

Осы жылдың басында кабинетіме келіп, басын қисайтып отырып (байсалды әңгімені өзі солай айтады) "Едеке, Жаңа Қазақстан болуымыз үшін, біз бірінші өзіміз өзгеруіміз керек" - деді. Бұл тектен тек айтылмаған еді. Бұл жүректен шыққан сөз! 

Қазақстанның жаңаруына бір адамдай ат салысып жүрген, Самат Базарбайұлының бүгін туған күні! Ең бірінші, өзіне және жақындарына денсаулық тілеймін. Гүләйша қарындасым екеуің ұрпақтарыңның қызығын көріңіздер. Өмірдегі сынақтар сендерді сындырмасын, шыңдасын! Ұрпақтарыңмен Ғұмыр бабамыздың жасын жасаңыздар!

Саясат - бұл өмірдегі шындыққа негізделген шығармашылық дегендей, Самат Базарбайұлына Парламентте ұзақ мерзім халық аманатын арқалап, жаңа идеялардың жаршысы болуына тілектеспін. Одан елде, мемлекетте ұтады деп ойлаймын!

Еділ Жаңбыршин, 

Мәжіліс депутаты 

МАҢҒЫСТАУДЫҢ МАҢҒАЗЫ

Біледі қалың қазақ бағаңды шын,

Асулардан асырсын адал күшің!

Ұлт үшін күрескенде бурадайсың,

Тіл үшін тірескенде табандысың!


Қазақ үшін айқаста сыналар мың!

Тұрысатын жер болса, тұра қалдың!

Сенің туған күніңе тарту шығар- 

Қызыл туы Кеңестің құлаған күн!


Отқа түсер қаласа, Отан егер,

Ерсің бауырым, Еліңнен бата ала бер!Парламентте қайыспас қайсарлықпен,

Маңғыстаудың маңғазы атана бер!

Зор құрметпен, “Ақжолдықтар” атынан Ақ тілек иесі Қазыбек ИСА

26 желтоқсан, 2022 жыл!