ҚЫЗЫЛ ҚАНҒА БОЯЛҒАН ҚЫЗЫЛ ТУ ҚҰЛАҒАН КҮН!
2022 ж. 26 желтоқсан
1526
2

1991 жылғы 25 желтоқсан - қаншама халықтың, қанша миллион қазақтың қызыл қанымен боялған қызыл империя - Кеңес Одағының Қызыл туының құлаған күні!
Өз ұлтын сүйіп, халқының мүддесі үшін күрескен миллиондарды “Халық жауына” айналдырып, атып-асқан, 4 миллиондай қазаққа геноцид жасаған, миллиондардың сүйегінің үстіне орнаған империя 69 жылдан соң келмеске кетті!
Орта Азияда Қазақ Республикасымен бірге 5 түрік мемлекеті құрылып, Тәуелсіздік туларын көтерді!
“КСРО- ны қайта орнатамын дегендердің миы жоқ”-деген Нобель сыйлығының лауреаты, ғұлама ғалым Андрей Сахаровтың сөзінің расталып келе жатқанын бір-екі жыл бұрын Ресей Президенті мен саясаткерлеріне қарсы жауап ретінде жазған “ТАҒЫ ШАЙҚАЛА БАСТАҒАННЫҢ МИЫ ШАЙҚАЛА БАСТАЙДЫ!”-деген мақаламызда қолдап, қуаттап едік…
Оған осы тарихқа еніп бара жатқан 2022 жыл -Барыс жылы барынша көзіміз жетті!
Алашқа Алла жар болсын!
Тұран мемлекеттерінің Тулары көкке өрлей берсін!
Қазыбек ИСА,
Қазақ үні