ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КҮНІ
2022 ж. 04 желтоқсан
864
0

Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен серіктестікті жақсарту векторлары іздестірілді.
Алматы қаласында тамақтану және туризм индустриясын дамыту – Қазақстанның ұлттық экономикасының гүлденуінің кепілі.
Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі ұзақ жылдар бойы қонақ үй және мейрамхана бизнесі, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі салаларында кадрларды даярлау және қайта даярлаумен айналысады. Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында бірінші орынды сақтай отырып, өз студенттерін жұмыспен қамтамасыз етеді.
Әлеуетті жұмыс берушілермен, салалық қауымдастықтармен, Алматы қаласы Білім басқармасымен әлеуметтік серіктестіктің арқасында колледж ең тиімді және өзекті тәжірибелік оқу процестерін енгізе отырып бәсекеге қабілетті орнын сақтап отыр.
ТжҚИК түлектері – жемісті жұмыс жасау үшін қажетті тәжірибелік дағдыларды меңгерген, сұранысқа ие мамандар.
Колледжімізде Оқу-ағарту министрлігі мен Алматы қаласы Білім басқармасының бастамасымен «Жұмыс берушілер күнін» атап өттік.
Мақсаты: жұмыс берушілермен кадрларды дайындау сапасын арттыру бойынша тиімді серіктестік жасау, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара байланыс жасаудың перспективалық бағыттарын талқылау.
«Жұмыс берушілер күні» шеңберінде келесі мәселелер талқыланды:
1. «Кәсіпорынның Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжімен серіктестігінің негізгі аспектілері» – Жабыкбаев Нурдаулет Жакыпбекович, Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің директоры, директордың өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Омирбекова Г.М.
2. «Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін ескере отырып, колледждер мен жұмыс берушілердің өзара байланыс жасауын жүзеге асыру кезіндегі тәжірибелік тәсілді қалыптастыру» – Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Анаятова И.В.
Іс-шараны дайындау мен өткізуге колледждің өндірістік оқыту шеберлері мен студенттері қатысты.
Әлеуметтік серіктестерге Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтің, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің Алғыс хаттары табыс етілді. Әлеуметтік серіктестермен меморандумдар мен ынтымақтастық туралы келісім шарттар жасалды. Іс-шара бағдарламасы: Дөңгелек үстел, мастер-кластар, қонақтық дәрістер, диалогтік алаңдар.
Колледжіміздегі әлеуметтік серіктестік сапалы өзгерістердің жан-жақтылығын арттырудың, оны заманауи білім беру жүйесінің талаптарына сай жаңа мазмұнмен толықтырудың үздіксіз процесінен туындап отыр. Бүгінгі таңда үнемі өзгеріп отыратын әлемде білім берушілерді өмірге дайындау көбіне әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастыққа байланысты. Колледж инновациялық қызметтің механизмдерін дамытады, өмірлік маңызы бар мәселелерді шешудің шығармашылық жолдарын табады, кәсіби шығармашылықты өз ісі саласындағы кәсіби маманның өмір сүру нормасы мен формасына айналдыруға ықпал етеді.
Колледж өмірінен бірнеше мысалдар: «Француз Альянсы» ҚБ-мен меморандумға қол қойылды, ол студенттер мен өндірістік оқыту шеберлеріне француз тілін үйренуге, Франциядан келген аспаз және кондитерлік іс бойынша мамандармен колледж базасында ай сайын мастер-кластар өткізуге мүмкіндік берді. ЖШС «МЕТРО Кэш энд Керри» компаниясымен колледж 10 жылдан бері серіктестік болып келеді.
Құзыреттілік бойынша (WSI) «Қызмет көрсету саласы» жаттығу лагері құрылған KHAMA PARK мейрамханасындағы «Айкул» ЖШС-мен көп жылдан бері колледжіміздің сенімді серіктесі болып келеді. Аталған мейрамхананың директоры Серикхан Саметович Адильханов студенттерді мейрамхана базасында кәсіби байқауларға дайындауға мүмкіндік береді, Қазақстаннан тыс жерлерде кәсіби байқауларға баруға демеушілік жасайды.
Симонович Радаван төрағалық ететін «Тәуелсіз рестораторлар одағы» Қоғамдық бірлестігін атап өткіміз келеді. Қоғамдық бірлестіктің жауапты хатшысы Шевяков Владимир Александровичпен бірлесе отырып, колледж бизнес пен менеджментті дамыту жобасын жүзеге асыруда.
«Экобер» компаниясы – колледждің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға қатысқан әлеуметтік серіктес.
Қазақстанның қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығымен (ҚҚМҚ), Қазақстанның туристік қауымдастығымен (ҚТҚ), Қазақстан тағам кәсіпорындары одағымен, «ҚР гидтер мен туристтік объектілердің өзін-өзі реттейтін қауымдастығы» ЗТБ, Novotel Almaty city center, «Құмбел» «Мәдени-әлеуметтік және білім беруді дамытудың Қазақстандық қоры» ҚБ және тағы басқаларының әлеуметтік серіктестіктегі рөлін атап өткім келеді, осы әлеуметтік серіктестіктердің қолдауымен колледж өмірі өте қызықты өтіп жатыр.
Qazaquni.kz