Неке қиюға бара жатқан бойжеткен жол апатына түсіп қаза болды - видео

Неке қиюға бара жатқан бойжеткен жол апатына түсіп қаза болды - видео

Әзірбайжанның Евлах қаласында неке қию рәсіміне бара жатқан бойжеткен жол апатына түсіп, қайтыс болды. Оқиға кезінде барлығы 3 адам қаза тапты деп хабарлайды Interpress.az. 

Осылайша қозғалыс кезінде басқарудан шығып кеткен жолаушылар көлігі Қарабақ каналына түсіп кеткен. Көлік ішінде болған 1991 жылы туған адам қаза тапты. 

Олардың мәйіттері медициналық сараптамаға жеткізілді. Тергеу амалдары басталды. 

Апат видеосы interpress.az сайтында жарияланды.