Арзан киім алғысы келген шымкенттіктер бірін-бірі таптап кете жаздады

Арзан киім алғысы келген шымкенттіктер бірін-бірі таптап кете жаздады

​Шымкентте киім дүкеніне кезекке тұрушылар бір-бірін таптап кете жаздады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Арзан киім алғысы келген шымкенттіктер бірін-бірі таптап кете жаздады

"Тәуке хан бойында орналасқан сауда үйлердің бірінде дүкен иесі спорттық киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырған. Осыған байланысты ол жерде адамдар көп жиналған. Дүкен ашылған кезде адамдар бір-бірін итеріп, қыса бастады. Оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін учаскелік пунктің учаскелік инспекторлары келді. Зардап шеккендер жоқ. Дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратында.

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы киім дүкеніне кезекке тұрған адамдардың видеосы тарады. Онда көпшіліктің бір-бірін қысып, есіктен кіре алмай жатқанын көруге болады. Тіпті, қысылып қалғандар арасында балаларда болған.