89 жастағы күйеуі 50 жастағы әйелін өлтіріп, денесін бөлшектеп балконнан лақтырды

89 жастағы күйеуі 50 жастағы әйелін өлтіріп, денесін бөлшектеп балконнан лақтырды

Мәскеуде 89 жастағы ер адам 50 жастағы әйелін өлтіріп, мәйітін бөлшектеп балконнан лақтырып жіберген. 

3 қарашада күндіз Мәскеудің солтүстік-батысындағы Маршал Тухачевский көшесіндегі үйлердің бірінен терезе астынан әйел денесінің мүшелері табылды. 

Әйелдің жеке басы анықталды, кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның 89 жастағы күйеуі ұсталды. 

Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105 (кісі өлтіру) бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы 3 қараша күні түстен кейін Мәскеу прокуратурасы хабарлады. 

Жәбірленушінің жеке басы санаулы сағатта анықталды. Марқұм болған 50 жастағы әйел 89 жастағы күйеуімен бір үйде тұрған. Қылмыс жасалған пәтерден тәртіп сақшылары мәйіттің басқа бөліктерін тапты. 89 жастағы күйеуі қасақана кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды. Пәтердің балконынан пышақ, темір ара, қайшы және кесетін тақта тәркіленді. 

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындамады. Тергеу зейнеткердің ақыл-есі дұрыстығын тексеруді көздеп отыр.