Астанада кәмелетке толмаған баланы зорлаған автобус жүргізушісі сотталды
2022 ж. 03 қараша
2051
0

Астанада кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін кінәлі деп танылған автобус жүргізушісі 17 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
3 қарашада Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды.
«А., №1 автопарктің жүргізушісі бола тұра, автобус салонында дәрменсіз жағдайды пайдаланып, кәмелетке толмаған жәбірленуші К.-ны зорлағаны алдын ала тергеу барысында кәмелетке толмаған жәбірленуші К.-ның тұрақты айғақтарымен дәлелденді.
Айыптаушы кінәсі сарапшы-психиатр-психологтардың жәбірленушінің өтірік айтуға және қиялдауға бейім еместігін көрсететін қорытындысы; К.-ның заңды өкілінің айғақтары; сараптамалардың қорытындысы, хат-хабарлар, куәгермен ұялы телефон арқылы алмасқан хабарламалары, куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді», - делінген хабарламада.
Ер адам осы бап бойынша ең жоғары жазаға – 17 жылға бас бостандығынан айырылды.