Астанада 14 жасар қыз 19-қабаттан секіріп көз жұмды
2022 ж. 03 қараша
2603
0

Астанада жасөспірім қыз суицид жасады, деп хабарлайдыт ҚазАқпарат.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2 қараша күні сағат 17.25-те Астана қаласы Алматы ауданының полиция бөліміне шұғыл хабар түскен.
Онда Қуанышбаев көшесінің бойында жасөспірімнің мәйіті табылғаны айтылған.
Тексеру барысында бұл факті расталды.
Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол - 19-шы қабаттан секірген 14 жасар қыз болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.