Қостанай әкімі мұсылмандар зиратын басқа жерге көшірмекші
2022 ж. 01 қараша
820
0

Қала әкімі Марат Жүндібаев атап өткендей, бас жоспарға сәйкес «Қонай» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Үйлер бұрыннан бар зиратқа жақын орналасқан. Сондықтан жаңа ауданның болашақ тұрғындарының, сондай-ақ осы зиратқа жақындары жерленгендердің мұң-мұқтажын ескере отырып, оны (зиратты) консервациялау мәселесін қарастыру қажет.
Алайда, бұған дейін әкім жерлеуге жаңа орын табуды тапсырды. Бұл мәселе имамдармен бірге талқыланады. Марат Жүндібаев тиісті тапсырма берді: 2023 жылы жоба әзірлеп, мұсылмандарды жаңа жерге жерлеуге барлық жағдай жасау керек. Шарттарға зираттың қажетті қоршаулары ғана емес, сонымен қатар жаңа алаңға кіретін жол да кіреді.
– Жаңа орынға жағдай жасаған соң ғана зиратты көшіреміз, – деп түйіндеді сөзін Жүндібаев.
Тағы бір айта кетерлігі, әуежай ауданындағы зират тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне бекітіліп қойған. Бұрын ол иесіз деп танылған.