ҚАЗЫБЕК ИСАҒА ГАЗ КІРГІЗІП БЕРГЕНІ ҮШІН ҚАРТТАР ҮЙІ АЛҒЫС АЙТТЫ

ҚАЗЫБЕК ИСАҒА ГАЗ КІРГІЗІП БЕРГЕНІ ҮШІН ҚАРТТАР ҮЙІ АЛҒЫС АЙТТЫ

2022 жылдың 13 қазанында Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Оңтүстіктің тумасы, ақын, Халықаралық С.Есенин атындағы сыйлықтың иегері, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қазыбек Иса Жарылқасынұлының «Сырымды айттым далаға» атты шығармашылық кеші өтті.

Кеште Шымкенттегі «Қарттар үй» директоры Шарбат Шырынбекова мен бір топ қариялар саясат пен мәдениетті ұштастырып жүрген ақын Қазыбек Исаға мекемелеріне газ кіргізіп бергені үшін ризашылықтарып айтып, «Қарттар үйінің» паналап отырған 170 қариялар атынан құттықтап, иығына шапан жапты. 

Еске сала кетейік, биыл, 2022 жылдың 8 шілдесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық «Қарттар мен мүгедектер үйі» мекемесіне барған еді. Сол кезде белгілі журналист Ерсұлтан Әмірбек “«Қарттар үйіне де келетін депутат бар екен ғой» деп мақала жазған болатын.

1965 жылы ашылған «Қарттар мен мүгедектер үйі» мекемесін 170 адам паналайды. Бұл мекемеде осы күнге дейін газ мәселесі шешілмеген, қыста көмір жағылады. Осы мәселе бойынша «Қарттар үйінің» әкімшілігі өз тарапынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Исаға хат жолдап, газ мәселесін шешіп беруді сұрап, өтініш жасаған еді. Өз тарапынан халық қалаулысы ҚР Энергетика министрлігіне және Шымкент қаласының әкіміне мәселені шешуді сұрап, депутаттық хат жолдаған. Көп ұзамай мәселе оң шешімін тауып «Қарттар үйі» қыста газбен жылытылатын болды. «Қарттар мен мүгедектер үйінің» директоры Шәрбат Шырынбекова: “Жарты ғасырдан астам қаланың ортасында көмір жағып келе жатқан мекемеміздің газ қосамыз деп, қолымыз жетпей жүргеніне де 15 жылдан асты. Мәжіліс депутаты, “Ақ жол” фракциясы мүшесі Қазыбек Исаның ықпалымен бұл мәселе шешілетін болды. Қазір 3 миллион теңге тұратын техникалық құжаттар тегін жасалынып берілді, тамыз айында газ құбырларын да тегін орнатып беретін болды. Күзге қарай газ да келіп қалады деп жоспарлаудамыз. Парламентте халық сөзін сөйлеп отырған

Ақжолдық депутаттарға Ақ жол тілейміз!” деп шын ризалығын, ақжарма тілегін білдірген еді сол кезде.

Енді, міне, 1 қазан Қарттар күнінен бастап Қарттар үйі көгілдір отынмен жылуда. Сахнаға шыққан ақ сақалды қария, ақ кимешекті әжелер ақын депутат Қазыбек Исаға Ақ тілектерін айтып, Ақ жол тілеп жатты. Әсерлі сәтке куә болғандар көздеріне жас алып, “Депутат болсаң, Қазыбектей бол” деп ризашылықтарын білдіріп жатты.

-Сіздер “алпысқа келді деп жатсыздар, біздің қариялар Қазыбек ағаны “бір мейірімді бала екен, Алланың мейірі түскен жігіт екен” деп батасын беріп жатты жазда бізге келгенде. Сондықтан, 60 жас - жігіттің жасы деп ойлаңыз, осындай жігіт боп жүре беріңіз Қазыбек аға!” деп ақжарылып сөйледі Шәрбат Шырынбекова. Сонымен бірге Қарттар үйінде тұратын суретші, қазақша қатырып сөйлейтін Руслан Романов өз қолымен моншақтан теріп жасаған картинасын табыс етті.

Бұл сол жаздағы кездесуде Қазыбек Исаның Мемлекетттік тіл мәселесін көтеріп жүргеніне рахмет айтып, қолдау білдірген, Мемлекеттік тіл мәселесі әлдеқашан шешілетін уақыт болғанын айтқан ұлты орыс жаны қазақ Руслан!

Қазыбек Иса да Қарттар үйінен тізіліп келген қарияларға рахметін айтып, бас иді.

Ақынға халқының Алғысынан артық не бар дейсің?!. 

Қазір жан жылуы арқасында газ жылуына қолдары жеткен Қарттар үйінің барлық тұрғыны “Ақ жол” партиясына мүшесі.

Мәмбет ҚҰРМАНБАЕВ