«БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» БАЛАЛАРДЫ ЖАРЫЛҚАП ЖАТЫР МА?

«БАЛАЛАР ЖЫЛЫ»  БАЛАЛАРДЫ ЖАРЫЛҚАП ЖАТЫР МА?

 МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ОСЫ КҮНГЕ ДЕЙІН АЯҚТАЛМАҒАН

        Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Ба-лалар жылы» деп жариялап, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қол¬дау және өзге де бағытардағы нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, бұл міндеттерді атқаруға тиісті министрліктер мен әкімдіктерге нақты тапсырма бер¬гені белгілі. Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың мә¬се¬лесіне мән беру арқылы, ұлт тағ¬дыры шешілетінін айта келіп, әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы еместігін, бұл жылда істелетін жұмыс нәтижесін құр даңғыра сөзбен емес, нақты іспен көрсету керектігін ескерткен болатын.

     Көзді ашып-жұмғанша «Балалар жылының» төрттен үш бөлігі артта қалды. Ал енді осы мерзімде берілген тапсырмалар мен орындалуға тиісті а鬬¬¬тылған мәселелерге байланысты балаларға қандай жақсылықтар жасалып жатыр деген сұрақ қойылуы орынды. Әрине, осы орайда алдымен мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы бала 18 жасқа толғанша аударылып тұрсын деген тапсырмасын ауызға аламыз. «Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мер¬зі¬мі¬нен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Бұл қаражат өске¬лең ұрпақтың үлкен өмірге қадам ба¬суына мүмкіндік береді. Қор шын мә¬нінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын» - деді мемлекет басшысы.

        Бұл бағалы баста¬ма¬ға байланысты қоғамда әртүрлі пікірлер айтылып жатқаны да жасырын емес. Біреулер бұл әдеттегідей айқайлай басталып, соңы сиырқұйымшақталып іске аспай қалатын бұлыңғыр бағдарламалардың бірі десе де, көпшілік бастаманы қызу қолдады. Әлемнің бірқатар елдерінде мұндай игі тәжірибе бұрыннан іске асырылып жатқанмен, біздің елімізде алғаш рет қолға алынып отыр.

           Ұлттық статистика бюросының дерегінше біздің елімізде 17 жасқа дейінгі балалар саны – 6 млн. 300 мың. Оның 3,4 миллионы мектепте оқыса, 914 мың бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған. Шілденің аяғындағы жағдай бойынша Ұлттық қордың активі 29,5 трлн. теңге көлемінде екен. Құрылғаннан қазірге дейін қордың жылдық орташа кірістілігі 3,17 пайыз, ал соңғы 5 және 10 жылда – жылдық мәнде 1,70 және 1,67 пайызды құрады. Ұлттық қордың жылдық орташа инвестициялық та-бысы 935 млрд. теңге деңгейінде болыпты. Осылайша, оның 50 пайызын балаларға берген жағдайда әр бала жыл сайын 74 241 теңге алады деген болжам бар. Қор активінің 90 пайы¬зы шетелдік валютада сақта¬ла¬ды және түсім долларға қатысты теңге курсына тікелей тәуелді. Ұлттық қорға доллар көп түс¬кен сайын, инвестициялық табыс та мол болады.

       Ашығын айтсақ, осыған дейін бізде баланың болаша¬ғын кішкентай кезінен бастап қарастыру, оның келешегі үшін деп ақша жинау тәжірибесі қалыс қалып келді. Дәлірек айтсақ, баспанасыз, мардымсыз жалақымен күнін әзер көріп жүрген қарапайым халықтың ондай қаржысы мүлдем жоқ. Ал, мемлекеттің өзі жинап берсе, бұл балалар үшін тәп-тәуір мүмкіндік. Нәтижесінде ертеңгі күні бала кәмелет жасқа толғанда өз қалауынша баспана сатып алатын немесе білім алатын мүмкіндігі пайда болады. Бұл өз құнын жоғалтпайтын инвестиция, ол ертеңгі күні еселеп ақталады. Әрі-беріден соң бұдан да қомақты қаржы ұрланып шетел асып, ұшты-күйлі жоғалып жатқан жоқ па? Қалай десек те, бұл болашағымыз үшін жасалған игі қадам екені даусыз. Ең бастысы осы игі бастаманы нақты іске асыруымыз қажет. «Ұлттық қор – балаларға» бағ¬дарламасының қалай іске асарын уақыт көрсете жатар.

       «Балалар жылы» деп ресми түрде жариялаған соң соған лайықты істер атқарылуы керек. Біздегі тәжірибеде көптеген бағдарламалардың толықтай орындалмауына байланысты халық тарапынан сенімсіздік пайда болып, сын айтылып жатады. Оны да орынсыз деп айта алмаймыз. Аузымызды қу шөппен сүртіп, балалар үшін ештеңе істеліп жатқан жоқ деуден аулақпыз. Барды – бар, жоқты – жоқ деуге міндеттіміз. Соның тағы бірі – Президент пәрменімен халықаралық пән¬дік олимпиада жеңімпаздарына бір жолғы ақшалай сыйақы беру басталғанын білеміз. Соған сәйкес ал¬тын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі әрі ол оқушыларды жарысқа дайындаған пе¬да¬гогтерге де осындай ақылы сыйақы та¬ғайын¬далған. Сондай-ақ халықаралық олим¬пиада жеңімпаздары мен жүлде¬гер¬лерінің еліміздегі жоғары оқу орындарына түсу үшін ав¬томатты түрде гранттарға ие болу мүм¬кін¬дігі бар. Бұл білім бәйгелерінде бақ сынай¬тын балалар үшін ынталандыру, үлкен қолдау болып табылады.

     «Балалар жылына» қатысты Президент тапсырмасын іске асыру мақсатында салалық министрліктер бойынша және барлық өңірлерде іс-шаралар өткізіліп келеді. Жыл басында Оқу-ағарту министрлігінде балалардың жан-жақты дамуы мен жетілуіне бағыт¬тал¬ған ауқымды іс-жоспар қабылданған болатын. Іс-шаралар жоспарының мақсаты – балалардың физикалық, зияткерлік, ру¬хани, адамгершілік дамуына ықпал ететін жағ¬дайлар жасау, олардың өмір сүру сапасын жақсарту, балалардың құқық¬тары мен заңды мүдделерін қорғауды қам¬тамасыз ету. Жоспар 7 бөлім бойынша 50 тар¬мақтан тұрады, оның ішін¬де 65 іс-шара бар. Бұдан бөлек ба¬ла¬ның шығармашылық, зияткерлік қабі¬лет¬терін дамыту мақсатында бағытталған 21 іс-шара кіреді. «Балалар жылы» осы аталған шаралармен ғана шектеліп қал¬май¬ды, республикалық жоспардан бөлек, та¬ғы да 17 өңірлік және 280 аудандық, қа¬лалық білім ұйымдарының жоспарлары қа-былдан-ды. Олардың бәрін тізбелемей-ақ қоялық, басым бөлігі бүгінгі күні іске асырылды деуге болады.

    Мәдениет және өнер саласы бойынша да бірқатар іс-шаралар атқарылды. Министрліктердің деректері бойынша балалардың шығар¬ма¬шылық әлеуетін қолдау және да¬мыту мақсатында, жыл басынан бері 22 000-ға жуық бала театрларға, 30 000-нан астам бала музейлерге, 730 000 бала ки¬носеанстарға барса, олардың 4 000-ы ауыл¬дық жерлерде болып қайтқан. Бүгінгі күні спорт саласы да ерекше маңызға ие. Оның адам денсаулығына тигізер оң ықпалы айтпаса да түсінікті. Жарияланған ресми деректерге қарайтын болсақ, елі¬міз¬дегі спортпен шұғылданатын тұр¬ғындардың неғұрлым белсенді үлесі жал¬пы білім беретін мектептердің оқу¬шы¬ларына тиесілі екен. Айталық, 3,4 млн. оқу¬шының 2 миллионы немесе 61,4 пайызы дене шынықтырумен және спортпен қам¬тылған. Биылғы жылы ұлттық мектеп лигасының бағ¬дарламасы бойынша волейбол, фут¬бол, футзал, гандбол, баскетбол, тоғыз¬құмалақ, үстел теннисі, асық ату, бес асық, жеңіл атлетикалық кросс сияқты 10 спорт түріне мектеп жасындағы 2,7 миллионнан астам бала қамтылыпты. Бұл жаман көрсеткіш емес.

      Балалар – біздің болашағымыз деп жатамыз, бұл туралы мінберлерге шыққан шенеуніктер де жиі айтады. Ал, бүгінгі балалар, ертеңгі білімді жастар еліміздің жарқын болашағын қолмен жасайтын қуатты күш. Олай болса балаларды әлеуметтік, құқықтық жағынан қорғап қана қоймай оларға озық білім, үлгілі тәрбие беру бірінші кезектегі мәселе екені даусыз. Балаларға білім беру негізінен мектеп қабырғасынан басталады.

       Ал мектеп мәселесі бізде әлі де толық шешілмеген. Оны биылғы жаңа оқу жылы басталар қарсаңында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың өзі де айтқан болатын. Биыл білім күні елімізде 48 мектепте алғашқы қоңырау соғылмайтынын, күрделі жөндеу жұмыстарының уақытында аяқталмауы оған басты себеп болғанын атады. «Жөндеу жұмыстары аяқталмаған мектептері саны бойынша көш басында Батыс Қазақстан облысы тұр. Мұнда 12 білім ошағы дайын емес. Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында осыған ұқсас жағдай. Бұл мектептерде жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін созылуы мүмкін. Осыған орай әкімдіктер оқыту процесін ұйымдастыру үшін уақытша сабақ өткізетін орындарды анықтауы тиіс. Жыр болған үш ауысымды мектептер жайына тоқталсақ. Алматы облысында 56 мектеп үш ауысымды жұмыс істейді. Жалпы, білім ошағының жетіспеуі мәселесі өткір күйінде тұр. Оны шешу үшін мектептерді уақытылы салу жоспары орындалуы керек, дейді министр.Жаңа оқу жылында 900 мыңдай бала тегін бір мезгіл тамақпен қамтылады. Ал бірінші сынып оқушылары биылдан бастап тек ана тілінде білім алады. Орыс тілі 2-сыныпта қосылады. Ағылшын тілін 3-сыныптан бастап меңгере бастайды» - деді министр. Кейбір басшылар сияқты жаманын жасырып, жақсысын асырып көрсетпей, А. Аймағамбетов саладағы орын алған жағдайды ашық айтты. Бірақ одан балалар үшін жеңілдік болмасы белгілі.

      Оқу жылының басталғанына бір ай өтсе де еліміздегі көптеген мектептердің есігі оқушылар үшін жабық, дәлірек айтсақ жөндеу жұмыстары әлі де аяқталмаған. Өзге өңірлерді айтпай-ақ, ежелден келе жатқан экономикалық мүмкіндігі мол Алматы облысының бір ғана Райымбек ауданындағы осындай жағдайда қалған екі мектебін мысалға келтірейік. КТК телеарнасы көрсеткендей Көкбел және Көмірші елдімекендеріндегі 200-ден астам оқушысы тозығы жеткен ескі үйдің қуықтай бөлмелерінде қысылып-қымтырылып екі аусымда білім алып жүр. Балалармен қоса ұстаздардың бәрі бірдей бұл үйге сымайды екен. Сорақысы, нөсер жаңбыр жауса, мұғалімдердің бір бөлігі құлауға шақ қалған қораның астына тығылуға мәжбүр. Ал аудан атқамінерлері мемлекеттік бюджеттен қаражат толық бөлінбеген соң, жөндеу аяқталмады деп ақталып отыр. Күрделі жөндеуді жүргізуші «Шах» деген құрылыс компаниясының қимылы ширайтын емес. Жұмысшылары жалақымызды толық бермейді деп шағымдануда.

        Осы ауданның Сарыбастау ауылының 400 оқушысы екіге бөлініп,

медресе мен Мәдениет үйінде оқып жатыр. Өйткені 1 миллиард 300 миллион теңге бөлінген мектептің жөндеу жұмысы әлі бітпеген. Тұрғындардың құрылыс сапасына да көңілі толмайды, мектепке бөлінген қомақты қаражат пен жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысы бір-біріне мүлдем сай келмейді деп ашынып отыр.

      Министрдің өзі айтқандай еліміз бойынша оқу жылына дайын болмаған 48 мектептің өзге де 46 мектебінің жағдайы осындай болғаны ғой. Бұл жыл сайын қайталанатын құбылыс. Сонда бұған кім кінәлі? «Балалар жылына» жасаған «базарлығымыз» осы ма? Үкімет мектеп құрылысы мен оны күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлағанда алдымен қоржындағы қаражатқа қарамай ма? Әкімдіктердегілер мен құрылыс компаниялары өкілдерінің айтуынша ақша өз уақытында толықтай аударылмаса, жұмысшылар жалақыларын ала алмай жүрсе жөндеу жұмыстары қалай сапалы және уақтылы атқарылмақ?

      Біріншіден, жалпы алғанда жемқорлыққа салынған осы құрылыс саласына деген халықтың күмәні көп. Ол да негізсіз емес. Құрылыс құнын алдынала жоғары белгілеп пайда табатыны белгілі. Оған құрылыс материалдары қымбат деген тұрақты сылтаулары дайын тұрады. Арзан материалдарды қолданып, құжатта көрсетілген қымбат баға арасындағы ақша айырмасын қалтасына басады. Содан барып құрылыс сапасы төмендейді, тұрғызған үйлері қисайып, жасаған жолдары бір жыл өтпей шұрқ-тесік болып қалады. Оны қабылдайтындар мен тексеруге тиісті орындар көзді жұмып қарайды. Әрине жай жұмбайды, сол мол ақшадан өз үлесін алады.

     Екіншіден, тендер деген тажал түбімізге жетіп болды. Мемлекеттен құрылысқа арнайы бөлінген қаржыны жолай тонайды. Жергілікті әкімдікке бағынышты тапсырыс беруші мекемелер тендер өткізу үшін тоғыз ай «толғатады». Оған дейін құрылыс мерзімі өтіп кетеді. Тендерді көп жағдайларда дұрыс сапталған күрегі де жоқ тамыр-таныстарының компаниялары «ұтады». Әрине, тегін емес. Ол компания өзге бір қосалқы мердігерді жалдайды. Қазақша айтқанда – ит итті жұмсайды, ит құйрығын жұмсайдының кері. Құрылыс саласындағы жемқорлыққа негізделген осы құйтырқылар жайлы талай жылдан бері айтылып та, жазылып та, телеарналардан тұрақты көрсетіліп те келеді. Бірақ одан ешқандай нәтиже шыққан емес. Халық үніне құлақ асатын Үкіметіміз қайда? Атқарушы билік ретінде неге шара қолданбайды? Әлде бұған да мемлекет басшысы тікелей өзі бақылау жасау керек пе?..

Зейнолла АБАЖАН

qazaquni.kz