Әскер жайлы мөлтек сыр

Әскер жайлы мөлтек сыр

Батырлық, ерлік, отансүйгіштік, жанқиярлық тек соғыс уақытында емес, сапқа тұрып сарбаз болған нағыз ерлермен де ерекшеленеді. Бұл адами қасиеттерді бейбіт уақытта жас жігіттердің бойына сіңіру керек, бұл үшін әскер қатарында болғаны бек абзал.

Соңғы кездері моральдық құндылықтардың да шайқалуына байланысты армияның беделі аздап шайқалды. Адамгершілікті, өзгеге берілген сөзге адалдықты, өзгені құтқарамын деген жанқиярлықты бүгінде сирек көресіз. Бүгінгі күні бұл қасиеттердің барлығы мүлдем басқа құндылықтармен ауыстырылды: тұрмыстық сана, өзімшілдік т.б. Қанша қарабайыр естілсе де, әскерге шақырылған жастардың барлығы әртүрлі сылтаулармен әскери борышын өтеуден «жалтарса», сонда біздің елімізді кім қорғайды?! Ел қорғау тек майдан даласында емес, қасақана жасалған қастандық уақытында да сынға түспей ме?! Сол кезде кім, не әрекет етеді?

1941-1945 жылдардағы соғыс кезінде аталарымыз да қызметтен «жалтарса» не болар еді, тіпті елестете де алмаймын. Олар бұл туралы ойлаған да жоқ. Ал біздің елімізге және бәрімізге не болуы мүмкін? Бәлкім, фашизм сол кезде әлі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталған еліміздің және оның кейінгі ұрпақтарының өміріне бірде-бір мүмкіндік бермес еді.

Менің өмірімде армияның маңызы зор. Бұл әкемнің бір кездері Ауғанстанда қызмет еткеніне байланысты болса керек, ол әлбетте бүгінгі әскердің қандай екенін білмейді. Әкем екеуміз менің болашақ әскердегі қызметімнің тақырыбын жиі талқыладық. Кешегі ұлдардың қайратты, батыл болып, отбасын, туған-туыстарын, әрине, Отанын кез келген уақытта қорғай алатын жері – әскер екенін үнемі айтып отырады. Меніңше, әр отбасында әке мен бала әскер тақырыбын талқыласа, әскерге шақыру мәселесі де аз болар еді. Әскерде қызмет етуді әркім міндетті парыз емес, үлкен абырой санар еді. Әскерде жастар тек дене шынықтыру жаттығуларын алып қана қоймайды, олар өмірлік тәжірибе жинақтайды, олармен ұзақ жылдар бойы жақсы қарым-қатынаста болатын қаруластармен достасады. Бұған әкемнің достары мысал бола алады, олар қазір бүкіл бұрынғы одақтың аумағында тұрады, сонда да олар бір-біріне үнемі телефон соғады, іздейді, сағынады мүмкіндігінше жыл сайын майдандас достар ретінде көз көрісуге тырысады.

Қанағат Болатұлы,

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 6505 әскери бөлімінде әскери қызмет атқарған