Жаңа экономикалық саясатымыз азаматтардың әл-ауқатын тең дәрежеде арттыруға бағытталған - Тоқаев

Жаңа экономикалық саясатымыз азаматтардың әл-ауқатын тең дәрежеде арттыруға бағытталған - Тоқаев

Жаңа экономикалық саясатымыз ұлттық табысты неғұрлым әділ бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалыс көшбасшыларының бірі болды. Біз ұйым болуға тиіс Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі конференцияға бастамашылық жасадық. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне, ЕҚЫҰ-ға және Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық еттік. Сондай-ақ өңірлік және жаһандық деңгейлерде даму саласындағы сындарлы күн тәртібін қолдаймыз және оны ілгерілету үшін барлық күш-жігерімізді саламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Қазақстан ауқымды реформалар бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскеніне тоқталды.

«Олардың табысы көп жағдайда біздің көпұлтты және көпконфессиялы ұлтымыздың ынтымақтастығына, сондай-ақ жеріміздегі бейбітшілік пен келісімге байланысты. Біз мемлекетімізді тиімді және гүлденген мемлекетке айналдыру үшін әділетті Қазақстан құрып жатырмыз. Сондықтан еліміздің саяси трансформациясына баса назар аударамыз. Жаңа экономикалық саясатымыз ұлттық табысты неғұрлым әділ бөлуді қамтамасыз етуге және барлық азаматтың әл-ауқатын тең дәрежеде арттыруға бағытталған», - деді Мемлекет басшысы.