Украина сарбаздары Харьков облысында Ресей шекарасына дейін жетті

Украина сарбаздары Харьков облысында Ресей шекарасына дейін жетті

Харьков облыстық әскери әкімшілік басшысы Олег Синегубов майданның кейбір бөлімдерінде Украина қорғаушылары Ресеймен мемлекеттік шекараға жеткенін айтты.

Бұл туралы «Украинская правда» порталы хабарлады.

"Біздің әскерилер Харьков облысын ресейлік басқыншылардан азат ету операциясын жалғастыруда. Жау позицияларын асығыс тастап, бұрын басып алған аумақтарға тереңдеп немесе бірден Ресей Федерациясының аумағына қарай беттеді. 

Кеше орыстар Большой Бурлук, Двуречная, Купян елді мекендерін тастап кетті.  

Майданның кейбір учаскелерінде біздің қорғаушылар Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараға аттанды, - деп хабарлады О. Синегубов.