Парламент депутаттары орыс тіліндегі баяндаманы тыңдаудан бас тартты

Парламент депутаттары орыс тіліндегі баяндаманы тыңдаудан бас тартты

Қырғызстан парламентінің депутаттары Аграрлық саясат, су ресурстары, экология және өңірлік даму комитетінің отырысында орыс тіліндегі баяндаманы тыңдаудан бас тартты. Бұл туралы бүгін Qazaquni.kz ақпарат агенттігі 24.kg-ке сілтеме  жасап хабарлайды. 

Ведомствоның хабарлауынша, баяндамада салықтық емес кірістер бойынша Кодекске өзгертулер енгізу жобасы туралы айтылды. 

«Қырғыз тілін дамыту мақсатында біз  баяндамаларды тек мемлекеттік тілде тыңдау туралы шешім қабылдаған болатынбыз», - деді комитет басшысы Аманқан Кенжебаев. 

Бұған депутат Жаныбек Қыдықбаев баяндама Қырғыз Республикасының «Салықтық емес кірістер туралы» кодексіне енгізілген өзгерістерге қатысты және салық төлеушілер арасында орыс тілін білетіндер бар екенін айтты. 

«Ендеше, келген соң тыңдайық. Ал келесі кездесуге қырғыз тілінде дайындалсын», – деді. 

Алайда оның ұсынысы қолдау таппады. 

«Бізді бүкіл республика тыңдайды. Олардың 80 пайызы қырғыз тілінде сөйлейді, 10 пайызы орыс тілінде сөйлеуі мүмкін. Көпшілікті сыйлау керек», - деді депутат Әлішер Қозуев.