Өскеменде ер адамның итті зорлап жатқан сәті видеоға түсіп қалды

Өскеменде ер адамның итті зорлап жатқан сәті видеоға түсіп қалды

Өскеменде ер адам итті зорлаған, бірақ полицияға жүгінген куәгерлердің айтуынша, оны ешкім ұстай қоймаған. Ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Qazaquni.kz ақпарат агенттігі. 

Зоофилді түнде екі жігіт қылмыс орнында ұстаған. Оқиға туралы журналист Асхат Ниязов әлеуметтік желіде хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

- Аталған факті белгіленген тәртіппен тіркелді, тексеру жүргізіліп, барлық мән-жайлар анықталуда, оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады, деп жазады полицейлер түсініктемеде.