«Терпиласың ба, чертсың ба?!»: Бекболат Тілеухан Ринат Зайытовқа жауап берді
2022 ж. 24 тамыз
1416
1
Ринат Заитовтың бірнеше күн бұрын БАҚ өкілдеріне берген сұхбатынан соң біршама дау туындады. Ол өз сұхбатында «Бекболат Тілеухан ағамызды мен сыйлаймын, әлі де арласамын бірақ қаңтар оқиғасын біліп, ескертпегеніне қатты қынжылдым» деген болатын.
Ал Тілеухан Ринаттың бұл пікіріне жауап ретінде өзінің Facebook парақшасына бейнеүндеу жариялады.
«Қазақ өкпеге қиса да, өлімге қимайды, деуші еді ағайын. Ринат бауырым өлімге қиды. «Қанды қаңтар» оқиғасын білді, біліп тұрып, бізге айтпады» деген сұмдық ауыр жала жапты. Енді ағалап ақыл-кеңес алып жүріп істеген шаруаң осы ма? Бұл екіжүзділік пе, тексіздік пе? Әлде жұрттың сөзімен айтқанда терпиласың ба, чертсың ба? Мұны қалай түсінуге болады? Осыншама танымалдылықтың құлы болуға бола ма»,- деп ызаланды экс депутат.
Әр қазақ менің жалғызым дейсіңдер, ал істеп отырғандарың мынау. Мен саясаттан кеткен адаммын. Етегіме жармаса бермеңдер, деп сөзін түйіндеді.