«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына қатысыңыз

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына қатысыңыз

1 000 000 теңге жеңіп алғыңыз келе ме?

Онда журналистер қауымына жағымды жаңалық.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына қатысып, бағыңызды сынап көріңіз.

Егер Сіз

мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты мақала жазып, тың идеяларыңызбен бөлісіп жүрсеңіз;

отандық және шетелдік арналарда мемлекеттік тіл саясаты жайында сапалы телебағдарлама, сюжет әзірлесеңіз;

радио арқылы мемлекеттік тіл мәселесін қаузап, радиохабар жүргізсеңіз;

тілтану саласын дамыту жөнінде ғылыми мақала жазсаңыз,

онда байқауға қатысу үшін өтінім жолдаңыз.

Өтінім til.baq@tilqazyna.kz электрондық поштасында қабылданады.

Өтінімді 2022 жылдың 22 тамызға дейін жіберіп үлгеріңіз.

Байқауға кімдер қатысады?

Кәсіби журналистер, теле-радио, газет, сайт журналистері, журналистика және филология факультеттерінің ғалымдары қатысады.

Байқау үш номинациядан тұрады:

1) Үздік мақала

2) Үздік теле және радиобағдарлама

3) Үздік сайт мақаласы

Биыл алғаш рет Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай тілтану, әдебиеттану бағыты ғылыми, шығармашылық мұрасының қазіргі қазақ тілтану, әдебиеттану салаларымен сабақтастығы жөніндегі мемлекеттік тілде және орыс, ағылшын тілдерінде материалдар қабылданады. Сондықтан қапы қалмаңыз.

Толық ақпарат tilalemi.kz сайтында.

Қазақ тіліндегі контентті ұлғайтуға және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге атсалысыңыз.