Қылмыскерлер әшекей дүкенін 50 секундта тонап кетті
2022 ж. 10 тамыз
915
0

Нью-Йорктің қақ ортасында тапа-тал түсте әшекей бұйымдарын сататын дүкенді тонап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Хабар 24 » телеарнасының мәліметінше, оқыс оқиға түскі сағат 3-терде болған.
Ұрылар жалпы құны 2 жарым миллион доллардан асатын бұйымдарды қолды еткен.
Айласын асырған әккі қылмыскерлер ұрлықты бар болғаны 50 секундта жасаған.
Полиция тұрғындардан күдіктілерге қатысты ақпарат болса, тез арада бөлісуді өтініп әлек.