Қуат Ахмет деген қуатын шаласауат шоумен кімнің тапсырмасымен ұлтшылдарға тиісуде?
2022 ж. 30 шілде
1491
6
Қуат Ахмет деген қуатын шаласауат шоумен, ұлтшылдардың бәріне тиісе бастапты ғой. Мұқтар Тайжан, Жанар Жахат тб ашық тиісуде жазықсыз. Тіпті, кезінде өзіне заңдық көп көмек көрсеткен Абзал Құспанға, үнемі қолдап жүретін Қазыбек Исаларға қарап бет-аузын қисаңдатып, аузын аша бастапты!
Блогерлер Сәкен Сәрсен, Болат Мырза, Исатай Батыр тб сазайын жақсылап беріпті өзінің! Енді соларды тыңдайық:
“Қазыбек Иса сен туралы айтуға қорқатындай сен кім едің сонша Куат Ахмет?!. Қазекең сен туралы, сені елге қайтару туралы бұдан бір ай бұрын да, одан бұрын да талай жазған. Міне мынау сілтемесі! Қазақша түсініп оқи алмайсың ба, сен бір-екі рет осылай оттағанда біз, тіл күрескерлері салдық қой сол посьарың мен комменттеріңе. Тағы үзінді келтірейік:
“Бізде мемлекет, үкімет басшылары мен министрлер мен әкімдер, өзінің мансабын, отырған креслосын ғана ойлап, сол үшін Мемлекеттік тіл мүддесін қорғауды құрбан етуді доғаратын кез жетті! Енді ел оған төзбейді! Әлсіз, уақыты өткен бейшара Тілдер туралы Заң жұмыс істемегесін, ел осылай өздері Мемлекеттік тіл мәртебесін қорғау үшін күресуде! Тілді қорғағаны үшін тіл күрескері Қуат Ахмет елден кетуге мәжбүр болды! Енді жаңарған Қазақ елінде, жаңа жүйеде неге Мемлекеттік тіл - Мемлекеттік мүддені қорғағаны үшін Қуат бауырымызды елге қайтарып алмаймыз?!. Оның қалай кетуге мәжбүр болғанын, оған қандай кінә тағылғанын, ондай кінәні кез келген адамға тағуға болатынын, (сонда ешқайсымыз заңмен қорғалмағанбыз), біз жақсы білеміз. Біздің елде Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асса да, Мемлекеттік тіл туралы заң жоқ әлі күнге дейін?!. Басқа Кеңес одағынан тәуелсіздік алған елдің бәрі Мемлекеттік тіл туоалы заң қабылдап, бұл өте өзекті де, маңызды, ұлттық намысты айқындайтын мәселені баяғыда дұрыс шешіп алған. Осыдан екі ай бұрын “Ақ жол” фракциясының депутаттық сауалында жариялағанымыздай, Мемлекет басшысынан бастап, барлығымыз Мемлекеттік тілді қорлатпауымыз керек! Қорғауымыз керек!”-деп жазды Қазыбек ИСА өзінің фейсбук парақшасы мен “Қазақ үні” сайтында.
Қазыбек Иса сені бұл кезде, есепшотыңа миллиондар түсіп, ақыры үшәріппен келісімге келіп, шетелге кеткеніңе дейін де, басынан қолдағанын, “Қазақ үні” газеті/сайтында “Қуатқа қуат берейік” деп мақала жазғанын, елді жұмылдырып, сотқа шақырғанын жұрт жақсы біледі.
Ал сен болсаң, “Арзан” супермаркетін сотқа беріп, арзан пияр жасағанда, Қазақ тілі туралы орысша арыз жазып, сол үшін масқара болып жеңіліп қалғанда да, (оны тағы “жеңдім” деп елдің көзін бақырайтып қойып жұртты алдадың), қолдап жүрді кешеге дейін.
Ал сол кезде сені қолдағандар, көмек көрсеткендер сенің ол сотта тіл үшін, жеңу үшін емес, тек пиар көрсету үшін ғана, сол үшін арызды әдейі орысша жазғаныңды айтып, сенен бойларын аулақ сала бастады.
Сен артыңа қарамай сенен басқа ұлтшыл жоқ секілді ғой өзіңнің сасық көкірегіңше. Аузыңа не келсе соны оттайтын болыпсың , қазақша екі ауыз сөз дұрыс жаза алмайтын сауатсыз шоумен! Үш сөзіңнің екеуі орысша, шатып-бұтып 4 сөз жазсаң 7 қате жібересің! Тіпті, сен әке-шешең азан шақырып қойған “Қуат” деген қуатты атыңның өзін қазақша жазуға сауатың мен намысың жетпей, “Куат” деп Ресей тілінде жазасың ғой! Соған миың жете ме, жетпей ме?!. Атыңды орысша жазып отырып, кімге ақыл айтпақшысың?!. Тез арада жөндеп, қазақша жаз атыңды намысың болса… елден кешірім сұрап…
“Тіл қорғаны” чатында “Мемлекеттік тіл туралы заңның керегі жоқ” дегенің үшін, елден сыбағаңды алған едің. Кейін чаттағылар “Мемлекеттік тіл туралы заңның керегі жоқ” деп, Қазақ тілі туралы заңға қарсы шығатындардың бізге де керегі жоқ” деп қуып жіберді чаттан.
Сонда да сені қолдап жүрді Қазыбек Иса.
Бұл өзі тағы жоғарыда аты аталған ұлтшылдарды ютуб каналына шұғыл сұқбатқа шақырғыш өзі. Олар демалуда ма, ем алуда ма, шаруаларымен жүр ме, шаруасы жоқ мұның! “Өткір сұрақтар қоймаймын” деп ескерту жасап қоятынын қайтерсің тағы артына қарамай?))). Тап бір өзін өткір сұрақ қойғыш журналистің кейпіне кіргізіп, қазақша екі сөздің басын құрап сөйлей алмайтынымен ісі жоқ)))). Ол ұлтшылдар мұндай шаласауаттың шалағай сұқбатына келе ме, келмей ме, бұның оны ойлауға санасы жетпейді… Осы постын оқығандардың ол жерге “сенің деңгейің олармен сұқбаттасуға жетпейді ғой” деп, шындықты жазғандармен шәңкілдеп жағаласып отырғаны сол.
Куат Ахмет деген қума дым таппағасын Қазыбек Исаның парақшасын сұғанақ ит сияқты тіміскілеп ақтарып, осыдан 3 жыл бұрынғы жұрт секілді фейсбуктағы достары санын анықтау үшін плюс қоюды сұраған постын тауып алып, жерден жеті қоян тапқандай, “Депутат Қазыбек Иса плюс сұрап жүр” деп алақайлап пост қойыпты. Бұл тек сөйлем жазғанда әріптерге сауатсыз ба десек, сандарға да сауатсыз топас екен-2020 жылы Қазыбек Иса депутат болмағанын есептеуге де миы жетпепті. Ол кезде Қазекең “Қазақ үні” газеті/сайтының басшысы болатын.
Бұл түріңмен сен бір күні Қазыбек Иса мектепте қыздарға хат жазған деп тұрмақшысың ғой, бейшара!
Саған сені шетелге жібергендер тапсырысы болар, Куат мырза, ұлтшылдарға шетінен тиісіп жатсың артыңа қарап алмай!
Сенің сырың, кімдердің тапсырмасын орындап жүргенің белгілі болып қалды Куат Ахмет!”-деп жазады Куатты әшкерелеген блогерлер.
Бұл ашығын айтып, Куат Ахметтің “Аңқау елге Арамза молда” болғысы келіп жүргенін әшкерелеген өткір сөзге біз де қосыламыз!
Мәмбет Құрманбаев,
Фейсбук парақшасынан