Қазақстан Президенті ұмра қажылығын өтеді
2022 ж. 25 шілде
1751
1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 24 шілдеде мұсылман қауымы үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра қажылығын өтеді. Бұл туралы "Қазақ үні" БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен ресми сапармен жүр.