НАЗАРБАЕВ МЕКТЕПТЕРІ ҚАЙ МЕМЛЕКЕТТЕ ОРНАЛАСҚАН? - Қазыбек Иса

НАЗАРБАЕВ МЕКТЕПТЕРІ ҚАЙ МЕМЛЕКЕТТЕ ОРНАЛАСҚАН? - Қазыбек Иса

Енді міне, тағы да Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінен де гранттардың әділетсіз бөлінгендігі туралы шу шықты!?.

Назарбаев зияткерлік мектебінің Күләш Шәмшиддинова бастаған басшылары мектептер қай мемлекетте орналасқындығын және Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асып кеткенін біле ме екен?! Назарбаев мектептерін Оқу-ағарту министрлігіне қаратып, тәртіп орнату керек!

Орыс сыныбына оқуға түскен баладан 200 бал жоғары алып тұрып, Қазақ сыныбына тапсырғаны үшін оқуға түсе алмаған оқушылардың жүрегіндегі жаншылған Теңсіздікке кім жауап береді біздің елде? 

Өз елінде қазақ болғаны, озат болғаны үшін оқуға қабылданбаған олардың жан жарасын Кім жазады?!.

Жоғары бал алған қазақ сыныбына түскен оқушылардың бәрі қабылдануы тиіс! Биліктен бастап, “Бір елміз” дегенде жағымыз талмайды, неге енді грантты “қазақ-орыс сыныпттары” деп, екіге тең бөліп тастамай, Әділеттілікпен бәріне бір талап - үздік көрсеткішпен оқуға қабылданбайды?!.

Қазыбек ИСА, 

Қазақ үні