Отыз жылда Мемлекеттік тіл мәселесі шешілетін уақыт болды ғой - Руслан Романов

Отыз жылда Мемлекеттік тіл мәселесі шешілетін уақыт болды ғой - Руслан Романов

«Ақ жол» партиясының депутаттарының халықпен кездесулері кезінде 2022 жылдың 8 шілдесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық «Қарттар мен мүгедектер үйі» мекемесіне барғанын жазған болатынбыз.

Кездесу барысында қариялар мен мүгедектер өздерін мазалайтын сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.  

Ең бірінші сөйлеген мекеме тұрғыны, ұлты орыс Руслан Романов қазақ тілінде сөйлеген депутат Қазыбек Исаның Мемлекетттік тіл мәселесін көтеріп жүргеніне рахмет айтып, қолдау білдірді. Мемлекеттік тіл мәселесі әлдеқашан шешілетін уақыт болғанын айтты.

Руслан Романовтың қазақша майын тамызып сөйлегеніне риза болған депутат Қазыбек Иса:

-Міне, мемлекеттік тіл мәселесін шешу туралы осында отырған сіздердің осындай ойларыңыз бен бізді қолдауларыңызға көп рахмет, бұл бізге қуат береді. Ал осындай ой отыз жылдан бері жоғарыда отырған біздің биліктегі шеттерінен щетел тілінде сөйлейтін шенеуніктерімізге жетпей жатыр әлі. Қазақша осылай қатырып сөйлеп, үлгі бола беріңіз, біздің мемлекеттік тілде білмесе де, мемлекет қызметінде жүрген министрлер мен әкімдерге!”-деп қатты ризалығын білдірді. 

Бір жақсысы бұл мекемедегі өзге ұлт өкілдерінің көбісі мемлекеттік тілде сөйлейді екен!