Израиль тұрғындары қымбатшылыққа қарсы наразылық акциясын өткізді

Израиль тұрғындары қымбатшылыққа қарсы наразылық акциясын өткізді

Израильдің Тель-Авив қаласында жүздеген адам көшеге шығып, наразылық акциясына қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Тұрғындар бағаның қымбаттауына наразы. Әсіресе, газ бен пәтер құнының өсуіне ашулы. Себебі қымбатшылықтан алған жалақылары ешнәрсеге жетпейтін болған. Ал сарапшылардың айтуынша, бағалардың өсуіне пандемия кезінде тауар жеткізу тізбегінің бүлінуі мен Украинадағы қарулы қақтығыс әсер еткен. Оның үстіне Тель-Авивтегі кей мамандық иелерінің жалақысы жоғары болғандықтан бағалардың өсуіне ықпал етіп отыр дейді. 

Нимрод Регев, Тель-Авив тұрғыны: 

– Мұнда Тель-Авивте адамдар жалақасының 50 процентін үйге жұмсайды. Қалғаны ешнәрсеге жетпейді. Бір жерге барайын десең, жолақы қымбат. Ал баспана құны өскен сайын өсіп жатыр.