ПРЕЗИДЕНТ ТОҚАЕВ БАТЫСТЫ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ТОҚАЕВ БАТЫСТЫ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің кеше Санкт-Петербургте өткен экономикалық форум төрінде, бүкіл әлем жұртшылығы алдында, Украинаның шығысындағы соғысқа себеп болған "ДХР" және "ЛХР" атты бүлікшіл аймақтарды „Қазақстан мойындамайды“ деп асқан дипломатиялық шеберлікпен аспай-саспай Ресей президенті Владимир Путин және бүкіл орыс әлемінің бетіне мәдениетті және батыл түрде айтуына батыстық баспасөз органдары аса үлкен мән беруде. 

Германияның ең ықпалды ақпарат порталдарының бірі болып саналатын T-ONLINE Қазақстан президентінің баяндамасын „Аса назар аударарлық көрініс. Путин ашық сахнада тосын тойтарысқа тап болды. Кремль басшысы бұл сөздерді күтпеген болса керек. Санкт-Петербургте өткен экономикалық форумда Ресейдің одақтасы делінетін ел назар аударарлық мәлімдеме жасады“ деді.

Ал BLOMBERG NEWS басылымы болса „Путин Украинадағы соғысқа байланысты одақтасының күтпеген тойтарысына тап болды. Путин форумда басқыншылықты қорғап жатқанда Қазақстан басшысы Тоқаев онымен келіспейтін сөз айтып, Қазақстан Луганск пен Донецк сияқты квазимемлекеттік аумақтарды мойындамайды“ деп атап көрсетті деді. Аталған басылымның айтуынша, Кремль Ресейдің Путинді оқшаулауға бағытталған АҚШ пен Еуропаның санкцияларына сәтті қарсы шығып жатқанын көрсету үшін Қазақстан президенті Тоқаевты Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына шақырғанымен екі жақ арасында сирек кездесетін келіспеушілік орын алды. Бұл аса назар аударарлық жағдай болды. 

Бұлардан басқада көптеген батыстық баспасөз құралдары бұл мәселе туралы хабарлап жатыр. 

Сонымен президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіз Қазақ Елінің басшысы ретінде Украина басқыншылығына қатысты Қазақстанның ұстанымын президент Путинмен мен қатар бұкіл орыс әлемінің бетіне тікелей өз төрлерінде отырып қаймықпастан батыл түрде айтуы шет елдегі біздің де еңсемізді көтеріп, бір қуантып тастады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның әділдікпен, ел ықыласына бөленіп, ұлт мүддесін қорғап-қолдау барысында қуанышты табыстарға жете беруіне тілектеспін.

АЛЛА ЖАР БОЛСЫН ! 

ЕЛІМІЗ АМАН ЖҰРТЫМЫЗ ТЫНЫШ БОЛСЫН !!!

Өмірхан Алтын, 

Фейсбук парақшасынан