ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАСЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАСЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді.

 Ерлан Қарин қазіргі уақытта Конституциялық кеңестің қарауындағы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы туралы айтты. Мемлекеттік хатшы конституциялық реформа алғаш рет халықтың тікелей дауыс беруі арқылы жүзеге асырылатынын және осы қадам қазіргі саяси реформалардың маңызын көрсететінін атап өтті. Бұл референдум саяси жүйені толық жаңғырту үшін қажет. Ұлттық кеңес мүшелері референдум өткізу идеясын қолдады.

qazaquni.kz