Ұлттық құндылықтарымызды аяққа таптаған «Ирина Кайратовна» мен «Шиза» жазасыз қалмасын! - Ашық хат
2022 ж. 28 мамыр
1365
3
Кешірім сұрап құтылып кету қабылданбайды!
Фейсбук желісінде атышулы «Ирина Кайратовна» тобының концерттегі дөрекі әрекетін айыптап, мәдениетсіздік танытқан әншілерді жауапқа тарту туралы Ашық хат жарияланды.
«Қазақ үні» ақпарат агенттігі хаттың толық мәтінін ұсынады.
***
Қазақстан Республикасының құрметті азаматтары, ашық хатымызға қол жинау үшін өз үлесіңізді қосып, комментарийге пікір қалдырыңыз. Біз сіздің жазбаңыз арқылы қол қоюшылардың қатарына қосамыз.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.К.Тоқаевқа
Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының төрағасы
М.С.Әшімбаевқа
Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің төрағасы
Е.Кошановқа
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы Е.Т.Қаринге
Ашық хат!
Алматы қаласындағы «NS group» ЖШС ұйымдастырған концерт кезіндегі әншілердің сахнадағы әрекеттері құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес жауапкершілікке тартылуы керек.
Қоғамда өте қатты дау тудырған, ұлттық дүниетанымызға мүлдем жат әрекеттерімен, бейәдеп сөздерімен сахнаға шығып, мемлекеттік құндылықтарымызды аяқ асты еткен «Ирина Кайратовна» және «Шиза» атауымен танылған жастардың әрекеттері қоғамның ашу-ызасын тудырды. Осы мәселе бойынша «Құндылық пен тәрбие» Қоғамдық бірлестігі және оның жақтастары мемлекеттік туымызға қасиетсіздік жасағандардың әрекеті заң алдында да, тарих алдында да кешірілмейді деп есептейміз. Біздің қоғамда кеше қателік жасаған адам, бүгін видео-кешірім сұрап, жауапкершіліктен тыс қалып жатады. Бұл жолы мұндай әрекетті қабылдамаймыз. «Ирина Кайратовна» тобының мүшелері айтқан анайы сөздеріне тиісті жауап беруді талап етеміз. Қоғамның ашуын тудырған мәселені мемлекет өз деңгейінде қарауын сұраймыз. «Ирина Кайратовна», «Шиза» жазасыз қалмасын! Сонда мыңдаған көрермен алдында ұлттық құндылықтарымызды таптап, қоғамның наразылығын тудырған азаматтардың іс-әрекеті барлық өнерпаздарға үлкен сабақ болады.
Мемлекеттегі идеология мен мәдени үдерістерге жауапты Мәдениет министрлігінің жұмысы қайта қаралып, жаңадан жасақталуы қажет. Олай болмаған жағдайда мұнанда сорақы әрекеттерге тап болмасымызға кім кепіл?!
Қол қоюшылар:
Талғат Жанысбай, «Құндылық пен тәрбие» ҚБ төрағасы, саясаттанушы;
Айбар Ермекқалиев, «Құндылық пен тәрбие» ҚБ төрағасының орынбасары, саясаттанушы;
Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» Қоғамдық бірлестіктің төрағасы, саясаттанушы;
Бекжан Тұрыс, театр және кино актері, қоғам қайраткері;
Қазыбек Иса, ақын, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері;
Ринат Заитов, айтыскер ақын;
Еркін Рақышев, режиссер, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі;
Құдияр Біләл, жазушы, қоғам қайраткері;
Марат Тоқашбай, журналист, қоғам қайраткері;
Ермұрат Бәпи, «Дат» газетінің Бас редакторы, қоғам қайраткері;
Нұржан Ошанбек, қоғам қайраткері;
Еркінбек Серікбай, жазушы, журналист;
Мақсат Жақау, саясаттанушы;
Аятжан Ахметжан, «Qazbilim.kz» орталығының директоры, қоғам қайраткері;
Нұрғали Жүсіпбай, Саясаттанушы;
Сәкен Майғазиев, әнші;
Бибігүл Дәулетбекқызы, журналист,
Ришат Асқарбекұлы, журналист;
Мақсат Халық, экономист;
Масат Сералы, экономист;
Рустам Сағадиев, саясаттанушы;
Ерқанат Көпжасар, журналист, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі;
Саят Медеуов, әнші;
Ақбота Керімбекова, әнші;
Нартай Сәрсенғалиев, журналист;
Сараш Қоңырбаева, ф.ғ.д, қоғам қайраткері;
Камиша Есмұхаммедқызы, заңгер;
Ерболат Мұхамеджан, экономист, журналист;
Мұхтархан Абаған, Қазақ тілі қоғамының мүшесі, қоғам қайраткері;
Бауыржан Карипов, журналист, блогер;
Әбдірашит Бәкірұлы, философ, қоғам қайраткері;
Өмір Шыныбекұлы, педагог-ұстаз, қоғам қайраткері;
Қанат Әбілхайыр, журналист;
Мұратхан Шохан, ақын;
Ержан Жұмабек, ақын;
Бағдат Агибетов, ақын;
Дәулет Мұқаев, экономист, блогер;
Есдәулет Қызырбекұлы, журналист, блогер;
Асхат Қасенғали, саясаттанушы;
Сәбит Дамысхан, кәсіпкер, қоғам белсендісі;
Абай Бегей, әнші;
Ардақ Назаров, спортшы, қоғам қайраткері;
Қазірет Бердіхан, айтыскер ақын;
Қалдыбек Жанықұлов, тарихшы;
Гүлбар Байкан, психолог;
Азамат Жолданбай, Қоғам белседісі;
Айтқабыл Құсайынұлы, қоғам белсендісі;
Пазылбек Абсаттарұлы, саясаттанушы;
Ақжол Шарыпхан, кәсіпкер, саясаттанушы