Жапониядан үйренеріміз көп немесе Тәрбие және Білім жүйесін қала жетілдіреміз?

Жапониядан үйренеріміз көп немесе Тәрбие және Білім жүйесін қала жетілдіреміз?

Ютубтан Мұхтар Жәкішевтің сұхбатын тыңдап Жапония компаниясының президенті жапон және қазақ жұмысшыларының ұқсастығын айтып таң қалғанын естіп қуанып қалдым. Осы мақаланы жариялауға түрткі болды.

Алаштың ардақтысы ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов атамыз Мейджи жаңғыруын жан жақты зерттеп, қазақ елінің даму бағдарламасы негізінде пайдалануды ұсынғанын тарихтан білеміз. Жапония 1639 жылы елге христиан дінінің таралуы мен европалықтардың әсерінен сақтану үшін жабық елге айналған болатын. Тек 1868 жылы ғана артта қалған мешеу елге айналып бара жатқанын түсініп Мейджи жаңару дәуірін бастағаны белгілі. Соның арқасында 21 жыл ішінде ел қарқынды дамып, қуатты державаға айналады. Әлихан атамыз соны зерттеп, алаш елінің дамуына бағдар етіп ұсынған еді. 

1995 жылы Жапонияда үш ай болған кезде бұл ел туралы түсінігімді кеңейту үшін жапон елінде көптеген жылдар бойы АҚШ-тьің елшісі болғән Эдвин Рейшауердің «Jаpаn: Рast and Ргеsеnt (Жапония: кеше және бүгін) деген және «Асахи Шинбун» баспасы шығарған Japаn Аlmаnакh (Жапония алманагы), Ко-данша энциклопедияны, В. А. Пронников пен И. В. Д. Ладановтың 1985 жылы шыққзн «Японцы» деген сияқты кітаптарды қарап шықтым. Жапон тілі сабақтарына қатысып, Каса Га Най, яғни Қол шатырым жоқ деген өлеңін үйреніп едім. Елге келген соң Зерде және Жаршы журналдарына мақалалар да жарияладым. Сол мақалаларымның білімге қатысты бөлігін қайта жариялауды жөн көрдім.

«Жапонияда бала тәрбиесі де біздегіден көп өзгеше. Білім беру жүйесі америкадағыдай 6:3:3:4 сатылардан түрады. Балабәқшаға бала 3 жастан 6 жасқа дейін барады.

Одан кейін 12 жасқа дейін бастауыш мектепте, 15 жасқа дейін орта мектепте оқиды. Ал 15 жас пен 18 жас аралығында бала жоғары мектепте білім апады. Сонан кейін оқуды 4 жыл бойы университеттерде жалғастырады немесе 2 жылдық колледжге түсіп оқиды. Кей жағдайларда орта мектептен кейін арнаулы мектептер мен техникалық колледждерге түсіп, онда 5-6 жыл оқиды.

Жапонияда білім беру және тәрбие жүмыстары мемлекеттік және жеке-меншік жүйелерде жүргізіледі. Жапонияда білімге өте қатал талап қойылады. Келешекте жақсы жүмыс табу үшін бала алдымен жақсы балабақшаға барып, сосын ең жақсы мектеппен университетте оқуы керек. Университетті тауысқан соң ғылымға ынталы жастар 2 жылдық мастерлік, одан кейін 3 жылдық докторлық курстарда оқуға тырысады. Жапонияда ғылымның өте күшті дамуы себебі кез-келген жапондық білімге, ғылымға ынталы болып туады, өмір салтының өзі опарды ғылымға ерте бейімдейді. Бұл елде білімді адамның алар орны ерекше, опардың жалақылары да жоғары, ой еңбегн қажет ететін кез-келген жүмыс бұл елде жоғары бағаланады. Сонымен бірге жапондықтар кітап оқуға да өте қүмар. Мысапы 1992 жылы 1975 жылмен салыстырғанда қоғамдық кітапханалар саны 1,9 есе өскен. Ғалымдарды олар сенсей (яғни үстаз) деп жоғары қүрметтейді. Балабақшадағы бала, мектеп оқушысы, студент тәрбиешіні немесе мүғалімдерді тек сенсей дейді, тіпті профессор-лардың өздері бір-бірін сенсей деп жатады. Ғыпым мен білімге жалпы бюджеттен 8% қаржы бөлінеді екен. Оған тағы жергілікті бюджеттен түсетін қаржы қосылады. Соңғы 21 жыл ішінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шығын 1064% өскен! Университеттерде барлық билік ғылыми кеңестің қолында, оған жоғарыдан ешқандай әкім қожалық етіп нүсқау бере алмайды. Әрине, университет ішінде белгілі тәртіп қалыптасқан. Әр университетте гылыми кеңестің шешімі бойынша профессорлардың зейнеттік жасы белгіленеді. Мысалы, Токио университетінде ғалымдар 60, Киото университетінде 63, Кобе университетінде 64, Иокогома қалалық университетінде 65, ал кейбір жекеменшік университеттерде 70 жасқа жеткенде зейнеттік демалысқа шығады».

Еліміз Жаңа Қазақстанды жасауға бағыт алғанда білім беру жүйесін де жетілдіру көзделіп отыр. Осы орайда Ы. Алтынсарин атындағы Білім беру академиясының жетекші маманы, білім беру саласының үздігі досым Әділхан Төлегенұлы Дүйсебекке жолығып біраз мәселелерді талқыладық. Олар да жапон моделіне ұқсас, Ұлттық құндылықтар мен Абай атамыздың Толық адам философиясына негізделген бағдарламаны дайындап ұсынып отыр екен. Ендігі кезекте білікті ұстаздар, ұлтжанды азаматтар осы мәселені жан жақты талқылап, Әлихан Бөкейханов өсиет қылған жапон елінің үлгісін пайдалануымыз керек. Іске сәт, ағайын.

Айып Ысқақ, 

биология ғылымы докторы, профессор