СИЗО-дан ХАТ. Президенттен араша сұраймыз!

СИЗО-дан ХАТ. Президенттен араша сұраймыз!

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Менің ұлым, Қорғаныс министрлігінің Заң департаментінің бұрынғы басшысы Ерімбет Ерболат жазықсыз қатаң жазаланғаны үшін ҚР Президенті Сізден көмек сұрап отырмын.

Сот бір жылдан асқан тергеу амалдары нәтижесінде оған нақты дәлелсіз жаптым жала, жақтым күйе әдісімен, өрескелдікке жол беріп, жаза белгіледі. Заң бірнеше рет бұзылды, ауыр жаза тағайындалды. Істі қарау барысында бірнеше өрескел қате жіберілді, сот адвокаттардың уәжін зорлықпен ескерусіз қалдырды.

Сөйтіп, өмірінің 20 жылын адал мемлекеттік қызметке арнаған менің ұлым Ерімбет Ерболат заңсыздықтың құрбаны болып отыр. Бұған судья Қайыров А. М. «ерекше» еңбек сіңірді. Керең, соқыр, мылқау, білімсіз адам түсінетін нақты дәлелдер, күлкілі жағдайда істе керісінше көрініс тапты.

   Іс бойынша шалағай бұра тарта жүргізу, куәлер сөзін бұрмалау, дәлелсіз фактілер қосу т.б. «мақсатты түрде бір «жүндес қолдың» нұсқауымен, жеке бастың ішкі кек қайтару ниетімен, айыпты жасап шығару өрескел жүргізілді. Орысша білмейтін куәға қол қойдыру (Әбдімәуленов т.б.), ішкі істер саласы қызметкерін (Жұмаханов Әділет Әділжанович, оперуполномоченный УП г. Темиртау) понятой - куә ету сияқты заң бұзушылықтардан, жалған куәлік беруден аяқ алып жүре алмайсыз. Қолдан жасалған істің әр беті – жалғандыққа, арсыз жала жабуға толы.

КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ АБСУРД

 (Ерімбет Ерболаттың бейнеүндеуінен)

Құрметті Президент мырза! Мен генерал емеспін, жоғары лауазымдық қызметтерді атқарған жоқпын. Менің өмірбаяным – еліміздің өркендеуіне үлес қосқысы келетін, жұмысын адал атқаратын мемлекеттік қызметкер екенімнің куәсі. 20 жыл мемлекеттік қызметті атқардым. Оған өкінбеймін – деп бастады ұлым өзінің бейнеүндеуін.

Сіз Президент мырза, «Qazaqstan» телеарнасында берген сұхбаттыңызда «құқық қорғау жүйесі «шаш ал десе, бас алу» қағидасымен жұмыс істеп жатқанын» айтқан болатынсыз. Міне, Сізге айқын, «тыржалаңаш» дәлел, факті.

Ұлым Ерімбет Ерболатты судья Қайыров А. М. айыпты деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырған. Ал жала жапқан 2 адамға, атап айтқанда, біреуі бұрын парақорлық үшін сотталған (Байжуманов Жандос Ергалымович) және тергеуге тәуелді адамға (Исенов Тимур Шарипович), судья ең төменгі жаза тағайындады (50-70 миллион теңге айыппұл). Бұл Қылмыстық кодекстің 367-бабында көрсетілген ең төменгі шекті мәннен 6-8 есе төмен. Судьяның (Қайыровтың) әлдебіреудің қысымынан ба, қызығушылықтан ба, ақты-қара деп, тіпті іспен толық таныспай шешім шығарғаны мәлім болып отыр.

Аппеляцияға бергенімен, сот ұлымды 7,5 жылға бас бостандығынан айырған. Оның үстіне, сот Е. Ерімбетке Қорғаныс министрлігінде заң департаменті директоры болып істегенде қызметтік міндеттеріне мүлдем кірмейтін нәрсе үшін жаза тағайындаған.

Бұл абсурд, өйткені мұндай жаза кісі өлтірушілерге, террористтерге немесе халықтың миллиондаған ақшасын ұрлағандарға беріледі. Пара алу фактісі жоқ, үкімнің барлығы болжамға негізделген. Құрметті Мемлекет басшысы! Президент Әкімшілігінің тиісті бөлімдеріне және Бас прокуратураға ұлымның ісін қарап, зерделеуді, объективті құқықтық баға беруді тапсырсаңыз, ұлымның және менің сөздерімнің шынайы екенін көресіз. Соттың қызметіне араласуға болмайтынын түсінемін.

Дегенмен, Президент мырза Жоғарғы соттың конституциялық сатысына орынды бағыт-бағдар беріп, назар аударуыңызды сұраймыз.

Президент мырза, Сіздің адами және заңды араласуыңызбен қаңтар оқиғасынан кейін тұтқындалғандардың 1\3 бөлігі бостандыққа шығып, көпшілігінің жазасы жеңілдетілген. Халық мұны әділеттің орнауы, Президенттің даналығы деп қабылдады.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз Сізге сенеміз. Көп балалы, әрі жас отбасына араша түсінуіңізді өтінеміз.

Құрметті Президент!

Менің Әке ретінде айтарым ешқашан ешкімнің алдында балаларыма берген өз тәрбием үшін ұялмаймын. Ұлым еш жерде, ешқашан мені ұятқа қалдырмайды.

Өйткені, ұлымды адал нан табуға, біреудің ала жібін аттамауға үйреттім, өз қазақ халқымның ең жақсы дәстүрлерімен тәрбиеледім.

Кредитке алынған үйде тұратын, жалақымен ғана күн көрген, пара алмаған, дін жолын таза ұстанған, көп балалы адал перзентімнің – ұлтжанды мінезбен туған Қазақстанымыз үшін қуана білетін – алда да адал еңбек ететін ұлымның «таныссыз», «парасыз», «көкелерге сүйенбей» таза білімімен өмірден үйрене жүріп атқарған қызметтерінен мақтаныш ете отырып мәлімет берейін.

Ерімбет Ерболат Мылтықбайұлы 1980 жылы 12 маусымда Шымкент облысы Мақтаарал ауданының Жетісай қаласында туған. Қазақ.

Әкесі мен – Ерімбетов Мылтықбай Мамытұлы. Жазушылар одағының ҚР Журналистер одағының мүшесі, 50-ден астам көркем және ғылыми еңбегі бар, 20-дан астам кітабы жарық көрген. Анасы – Ерімбетова Маржанкүл Мұсаханқызы, педагог. А. С. Пушкин атындағы Ұлттық кітапханада кітапханашы болып еңбек еткен. Қазір – марқұм.

Қазақ мемлекеттік заң академиясының кәсіпкерлік-құқықтық факультетін үздік қызыл дипломмен бітірген (2001) мамандығы – «Құқықтану» Құқық тақырыбында, атап айтқанда, прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру саласына қатысты жарияланған 5-тен астам мақаланың авторы. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздіктің көмегімен) тілдерін біледі.

2001 жылдан – Орал көлік прокурорының көмекшісі. 2003 жылдан – Талдықорған көлік прокурорының көмекшісі. 2004 жылдан – Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокуратурасының мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры, 2005 жылдың қаңтар айынан – Алматы авиациялық көлік прокурорының көмекшісі. 2005 жылдың қазан айынан – Алматы қалалық прокуратурасының Мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі басқармасының бас прокуроры. 2007 жылдан – ҚР Бас прокурорының көліктегі заңдылықты қадағалау бөлімінде, «ҚазТрансойлсервис» мекемесінің департамент директоры.

2009 жылдың желтоқсан айынан Заң министрлігінің Аналитика және департаменті директорының орынбасары, Ақмола облыстық көлік тасымалын қадағалау департаменті бастығы. Әскери атағы – капитан. Діни көзқарасы – ислам.

Қазақстанның болашағы жайлы болжамы да жарасымды: «мемлекетіміз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің демократиялық, зайырлы және жоғарлы мемлекет құрудағы ТМД мен орталық Азияның көшбасшысы болады» деп нық сеніммен айтады. Ақпараттық технологияны зерттеу мен футболмен айналысады. Сүйіп оқу әдебиеті классика, мемлекет және саясат қайраткерлерінің тарихтағы – естеліктері. Үйленген. Жұбайы Өтемісова Гүлдана Бөртайқызы (1981 ж.т.) АТФ Банк ақы бөлімінің бастығы болып істеді. Балалары – қызы Ерімбет Фатима (2005), ұлы Ерімбет Әділхан (2008), Ерімбет Биғаным (2011), Мылтықбай Ақсұлтан (2020).

Марапаттары үздік ұсыныстары, мақтаулы қызметі үшін: Танытқан ынта-жігері, бастамасы, жауапкершілігі, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін және ҚР Қарулы Күштері командирлерінің (бастықтарының) тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылғанына 27 жыл толу құрметіне Ерімбет Ерболатты ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаевтың грамотасымен марапатталды. Ал, Құрылымдық бөлімшенің қызметіне шебер басшылық жасағаны, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде танытқан ынта-жігері мен дұрыс бастамасы үшін Ерімбет Ерболатты Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант М. Бектанов марапаттады. Сондай-ақ «Прокуратура озаты», «Әділет органдарының үздігі» тосбелгілері берілді. ҚР Президентінің 2018 жылғы 21 қарашадағы Жарлығы бойынша Ерімбет Ерболат «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.

АРАША СҰРАЙМЫЗ ПРЕЗИДЕНТ МЫРЗА!

 Хош...Қорғаныс министрлігінің Заң департаментінің бұрынғы басшысы Ерімбет Ерболат жазықсыз қатаң жазаланғаны үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, бейнеүндеу жасады дедік. Newsroom.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап мына деректерді келтіреді. Сот бір жылдан асқан тергеу амалдары нәтижесінде Ерімбет Ерболатқа нақты дәлелсіз ауыр жаза тағайындаған. Істі қарау барысында бірнеше өрескел қате жіберілгенімен, сот адвокаттардың уәжін ескерусіз қалдырған. Өмірінің 20 жылын адал мемлекеттік қызметке арнаған экс-шенеунік заңсыздықтың құрбаны болып отыр. «Менің басымнан өткен соңғы оқиғалар ешқандай ақылға қонымсыз. 5 министрмен жұмыс істедім, прокуратурада жұмыс істедім. 2019-2020 жылдары Қорғаныс министрлігінде Заң департаментінің басшысы болып жұмыс істеген кезде біз жаңа алгоритм әзірледік, соның арқасында мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы 70 пайызға артты. Нәтиже бірден көрінді. Атап айтқанда, жеткізушілер саны бес есеге өсті. Бюджетті үнемдеу 4 млрд теңгені құрады. Бірақ бұл шара Бас әскери прокуратураға ұнамады. Артынша олар сот арқылы бұл алгоритмді ішінара жойды. Осы оқиғадан кейін Әскери прокуратураның мені қудалауы басталды. Министрдің орынбасары екеуміздің телефондарымыз тыңдалды. Алайда олар бірде-бір заңсыз факті мен әрекетті таппаса да, менің үстімнен «пара алды» деген айыппен қылмыстық іс қозғады», – дейді ұлым өзінің бейнеүндеуінде. Жуырда Президент Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында «құқық қорғау жүйесі «шаш ал десе, бас алу» қағидасымен жұмыс істеп жатқанын» айтқан болатын. Ұлым Ерімбет Ерболатты да судья А. М. Қайыров айыпты деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырған. Ал жала жапқан 2 адамға, атап айтқанда, біреуі бұрын парақорлық үшін сотталған Байжұмановқа және тергеуге тәуелді адамға Исеновке, судья ең төменгі жаза тағайындады (50-70 миллион теңге айыппұл). Бұл Қылмыстық кодекстің 367-бабында көрсетілген ең төменгі шекті мәннен 6-8 есе төмен. Бейнеүндеу авторы аппеляцияға бергенімен, сот оны 7,5 жылға бас бостандығынан айырған. Оның үстіне, сот Е. Ерімбетті міндеттеріне мүлдем кірмейтін нәрсе үшін жаза тағайындаған. «Бұл абсурд, өйткені мұндай жаза кісі өлтірушілерге, террористтерге немесе халықтың миллиондаған ақшасын ұрлағандарға беріледі. Пара алу фактісі жоқ, үкімнің барлығы болжамға негізделген. Құрметті Мемлекет басшысы! Президент Әкімшілігінің тиісті бөлімдеріне және Бас прокуратураға менің ісімді қарап, зерделеуді, объективті құқықтық баға беруді тапсырсаңыз, менің сөздерімнің шынайы екенін көресіз» – дейді ұлым Е. Ерімбет. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының араласуымен қаңтар оқиғасынан кейін тұтқындалғандардың 1/3 бөлігі бостандыққа шығып, көпшілігінің жазасы жеңілдетілген болатын. «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мен Сізге сенемін. Араша түсуіңізді өтінемін», – деп аяқтаған өз сөзін Е. Ерболат.

ХАТ КӨП ҚАЙШЫЛЫҚТЫҢ БАСЫН АШАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. К. Тоқаевқа Ерімбет Ерболат

Мылтықбайұлынан ЕЦ-166/1 мекемесінен Яғни, Сизодан жазылған хат.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Менің атым – Ерімбет Ерболат. Елорда түрмесінен жазып тұрмын. Сізге бұл жолдауым – менің жанайқайым. Тиісті бейнежазба БАҚ беттері мен әлеуметтік желіде жарияланады. Себебі бұған дейін Сізге жолдаған хаттарыма мардымсыз жауаптар келуде.

Құрметті Президент мырза! Елімізде заңның үстемдігі бар деген үмітпен және өзімнің Конституциялық құқықтарымды қорғау мақсатында Сізге жүгініп отырмын. Сіздің «Естуші мемлекет» қағидаңыздың жұмыс істеуі қажет екеніне сенімдімін.

Ел астанасының түрмесінде отырғаныма жылдан асты. Шектеулер мен тәуекелдердің салдарынан қысқа жазуға мәжбүрмін.

Менің басымнан өткен соңғы оқиғалар ешқандай ақылға қонымсыз. Бес министрмен жұмыс істедім, еңбек жолымды прокуратура органдарынан бастадым. 25 жасымда бір банктің капиталын шет елге алып шығудың жолын кескен топты басқардым.

2010-2011 жылдары Әділет министрлігінде істей жүріп кол-центр аштым, ол осы күнге дейін жұмыс істейді, азаматтарға құқықтық мәселелер жөнінен кеңес береді. 119 бірыңғай нөмірі құрылған. Бұл АҚШ-тың «911» нөміріне ұқсастырылып жасалды.

2016-2017 жылдары сыбайлас жемқорлық тәуекелі үлкен орган – Ақмола облыстық Көліктік бақылау инспекциясын басқардым. Жұмысымды инспекторлардың жолдағы қызметін интернет арқылы онлайн-режимде трансляциялаудан бастадым. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлкен шара еді. Дегенмен мен кеткеннен кейін бұл шара жұмыс істеген жоқ.

Ары қарай 2019-2020 жылдары Қорғаныс министрлігінде Заң департаментінің басшысы болып жұмыс істеген кезде біз жаңа алгоритм әзірледік. Соның арқасында мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы 70 пайызға артты. Нәтиже бірден көрінді.

Құрметті Президент! Сыбайлас жемқорлықпен күресу керек екенін түсінемін. Менің үстімнен қозғалған іс – Талдықорғандағы азаматтың арқасына үтік басқан секілді заңсыз қозғалып, заңсыз тергелген іс.

Сіз өз сөзіңізде мемлекеттік қызметкер шешім қабылдар кезде оның бюджет қаржысын ұрлау немесе параның есебінен баю пиғылы болмаған болса, онда қылмыстық жауапкершілік мәселесі қойылмауы қажет екенін айтып едіңіз. Қылмыстық жауапкершілік сыбайлас жемқорлық қылмысын қасахана жасаған шенеуніктерге қатысты болуы керектігін меңзеген болатынсыз. Менің ісімде пиғыл болмақ түгілі факті де жоқ. Тінту кезінде менен табылған ақша қарызға алынған болатын. Барлық құжаттар сотта көрсетілді, куәгерлер тыңдалды. Ешқандай дәлел, куәгердің көрсетпесі, менің құқық бұзу әрекетім жайлы аудио және бейнежазба келтірілген жоқ.

Сондықтан, құрметті Президент, Сізден көмек сұраймын!

Мән-жайлардың осындай шалағай, қолдан жасалған, кей жері ойдан шығарылғанына қарамай, судья Каиров айыптау үкімін шығарып, маған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал пара беруші екі адамға, нақтырағы маған жала жапқан екі адамға (біреуі бұрын пара алып сотталған), қылмыстық қудалау органдарына тәуелді екеуіне судья Каиров ең жеңіл жаза қолданды, яғни оларға 50-70 млн теңге айыппұл тағайындады. Қылмыстық Кодекстің 367 бабында көрсетілген ең төмен шектен 6-8 есе төмен. Мұнда айыптаудың ұстанымы түсініксіз болды. Яғни мені 12 жылға бас бостандығымнан айыруды, ал пара беруші екі адамды 7 жылдан бас бостандығынан ауыруды сұрап, үкімнен кейін қарсылық келтірілмеді. Судья мен прокуратураның ұстанымдары едәуір алшақ екенін көріп отырмыз. Осындай алшақтық пен ұстанымдар жайлы Сіз өзіңіздің 2021 жылғы қыркүйектегі халыққа арнаған Жолдауыңызда айтқан едіңіз. Осыны реттеуді тапсырған болатынсыз.

Көріп отырғанымыздай, реттеліп жатқан ештеңе жоқ. Әрбір екі істе судья мен прокуратура органдарының ұстанымдары екі жаққа қарап кетіп жатады. Бұған жай ғана салыстыра отырып көз жеткізуге болады. Бізде бір Қылмыстық-процессуалдық кодекс пен бір ғана Қылмыстық кодекс бола тұра осындай жайттарға жол беріледі.

Құрметті Президент! Мен процедураны сақтаймын және апелляциялық инстанцияға сене отырып, екінші инстанция жан-жақты әділ қарайды деп ойладым.

Бірақ әскери сот үш рет қана отырыс өткізді және бір де бір бұзушылықты ескермеді. Тінтуге қатысқан куәгердің (Жұмахановтың) полиция қызметкері екеніне және оның тарапынан жасалған қылмысты судьялар жасырғанына назар аударылған жоқ.

Осыған байланысты маған 7,5 жылға бас бостандығымнан айыру жазасы айқындалды. Мұндай мерзім ақылға қонбайды. Мұндай мерзім кісі өлтіргендерге, террористерге немесе халықтың ақшасының миллиондаған сомасын жымқырғандарға қолданылады.

Құрметті Президент! Президент Әкімшілігінің тиісті бөлімдеріне немесе Бас прокуратураға менің ісіммен танысуды, қарауды, жан-жақты баға беруді тапсыруыңызды сұраймын. Сонда менің шын айтып отырғаныма көз жеткізесіз.

Соттың жұмысына араласпау керек екенін түсінемін. Мен тек Сіздің ақылға қонымды бағыт беруіңізді және менің ісімнің Жоғарғы соттың Кассациялық сатысында қаралуын сұраймын. Қайғылы қаңтар оқиғасынан кейін сот шешімімен қамалғандардың үштен бірінің босатылуы немесе жазасы жеңілдетілгені Сіздің ақылға қонымды бағыт беруіңізден кейін болғанын халық көріп отыр, Сізге сеніп отыр.

Менің ісімді қайта қарауға тапсырма беруіңізді тағы да сұраймын. Президент мырза, Сіз Конституцияның кепілісіз, мен Сізге сенемін. Сіз жазықсыз жандарды қорғайсыз.

Кұрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Бұл тұрғыда екі жағдайды айтқым келіп отыр:

1. Біріншісі қазақ елі бар-жоғы 10 млн халықпыз. Оның еңбекке жарамдысының жартысы 30 жылдың ішінде сотталған болып есептеледі. Қаншама ақылды, жас қазақ азаматтары түрмеде тағдырлары күйіп кетіп отыр. Тағдырлары не болады, болашағы не болады?

2. Екіншіден, қазақстандық бір азаматты шетелде ұстаса, оның құқығын қорғау үшін, оны сол соттан алып шығу үшін мемлекет бар күшін салады. Бұл әрине жақсы, бұл керек. Бірақ өзіміздің ішімізде, өзіміздің Қазақстанымызда қаншама Қазақстан азаматының құқықтары тапталып жатыр. Сонда бұл көзбояушылық па, жоқ әлде жәй имидждің жұмысы ма? Сондықтан бұл құқықтық жүйені қайта қарау керек сияқты. Бұның бәрін айтып жатқан себебім, өзім үшін ғана емес, халық үшін де әрқашан ойланамын, толғанамын. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мен сізге сенемін. Араша түсуіңізді өтінемін. Аман болыңыз! Құрметпен, Ерімбет Е.М.

СӨЗ СОҢЫНДА АЙТАРЫМ...

Міне, осылай! Арыздар, адвокат жазған, ұлымның жұбайы келінім қоғамдық қорғаушы ретінде, әкесі ретінде мен жазған арыздар мен өтініштердің барлығы аяқсыз қалып, футбол добындай тепкіленуде.

Көзбояушылық емей немене?!

Құрметпен – жазықсыз жәбірленушінің Әкесі, араша сұраған арыз иесі – Мылтықбай Мамытұлы Ерімбетов, ҚР құрметті журналисі, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Мақтарал ауданының Құрметті Азаматы, ІІ-топ мүгедегі.

22.03.2022ж.

(Ұлыстың Ұлы күні – хан мен қара, бай мен кедей теңелетін күн).

qazaquni.kz