«Ақ жол» депутаттарының төрінде Ұлт көсемі ілулі тұр (фото)

«Ақ жол» депутаттарының төрінде Ұлт көсемі ілулі тұр (фото)

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында «Ақ жол» депутаттары Ұлт көсемін төрге іліп, Әз Наурызда Жаңа жылмен жаңаруда!

Партия төрағасы Азат Перуашев бастап, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі “Ақ жол” фракциясының барлық депутатының кабинеттерінде Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан портреті ілулі тұрады.

- Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Ұлт көсемін төрге іліп, Әз Наурызда Жаңа жылмен жаңарып жатырмыз! Алла жар болсын! Ақ жол! - деп жазды телеграм каналында Азат Тұрлыбекұлы.

Сонымен қатар, бүгін 16 наурызда “Ақ жол” демократиялық партиясының құрылғанына 20 жыл толды!

Бұл туралы партия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса фейсбук парақшасында жазды.

- ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ ҰЛТ КӨСЕМІН ТӨРГЕ ІЛУДЕМІЗ!

Барыс жылы Намыс жылы, Табыс жылы болғай!

Алла жар болсын!

Ақ жол! - деп жазды депутат.

«Ақ жол» депутаттарының ұлықты ісі туралы белгілі алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлы да өз пікірін білдірді.

- Құрметті үзеңгілестер, елге қызметтеріңізде шынайы ұлт көсемінің аруағы демеп жүрсін!

Ұлт көсемінің портретін лайықты төрінен көретін күнге де жетіппіз. Бұл зор жеңіс!

Алаш көсемінің бейнесі Ақорданың төрінде тұратын күн де алыс емес, Алаш ұрпақтары! Тарих әлі де өзінің әділ бағасын береді!

Бүгінгі Қазақ елін кімнің құрғанын, кең-байтақ жерін алдымен отаршыл империядан, одан соң құдайдан безген кеңес империясынан қорғап, бүгінгі ұрпаққа кім аманат етіп қалдырғанын қалың қазақ енді білетін болады!

Айтпақшы, Әлиханның портретін жасатып, депутаттар кабинетіне ілу - Азат Тұрлыбекұлының бастамасы, - деп жазды ғалым.