Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары құрылады - Президент Жолдауы

Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары құрылады - Президент Жолдауы

Елімізде Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары құрылады. Бұл туралы 

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Қазақ үні тілшісі. 

Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынған Президент, Алматы облысын да екіге бөлу қажеттілігін айтты.

«Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады», - деді Мемлекет басшысы.

Ол, сонымен бірге, Жезқазған қаласын облыс орталығы етіп, Ұлытау облысын құруды ұсынды.

«Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім», - деді Мемлекет басшысы. Президент кең байтақ қазақ жерінің дәл жүрегінде орналасқан Ұлытаудың төл тарихымыздағы орны ерекше екенін баса айтты. «Ел тағдыры шешілген ұлы жиындар осында өткен. Сарыарқаның төрінде орналасқан бұл аймақтың туристік әлеуеті өте зор. Оның өндірістік қуатын, логистикалық мүмкіндігін ұтымды пайдалану керек. Бір сөзбен айтқанда біз Ұлытау аймағының дамуына жол ашамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.