МҰЗДЫБАЕВ ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАРЫНА ДА, АҚЫНДАРЫНА ДА ҚАРСЫ БОЛМАЙ, ОРНЫҢДЫ БОСАТ!

МҰЗДЫБАЕВ ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАРЫНА ДА, АҚЫНДАРЫНА ДА ҚАРСЫ БОЛМАЙ, ОРНЫҢДЫ БОСАТ!

Муздыбаев қазақ батырларына қарсы видеосын өзге ұлттарға есеп беру үшін өзі түсірткен

Ақын, Парламент депутаты Қазыбек Исаның Щучинскіде қазақтың қас батырларына көше бергізбеген Бурабайдың әкімі Муздыбаевтың терісін тірідей сыпырып, сойып салған мақаласын бүкіл ел қолдауда. 

Мұздыбаевтың қазақтың батырларына қарсы сес көрсетіп, сілкінген бейне түсірілімді өзінің ұлты орыс хатшысына арнайы түсіртіп, қазаққа емес, басқаларға қаратып, “міне, мен көше атын беруге де қарсы болып жатырмын-мыс” деп солардың қабағына қарап, соларға есеп беріп жасалған видео, сондай қаракет. Әу баста бұған қолдап пікір жазғандар да қазақтың батырлары есімдерін емес, «Коммунистік» сөзін қымбат көретіндер болған. Сондықтан елдің шаңырағына емес, өзгенің қабағына қарайлаған әкімнің шұғыл орнынан кеткені жөн ел қуып шықпай тұрғанда. 

Енді әкім Парламент депутаты Қазыбек Исаға қарсы шықпақ па?! 

Ақынның фейсбуктегі парақшасынан ащы шындықты айтқан мақаласын алдырту үшін бүкіл әкімдік қызметкерлеріңе фейсбукке арыз жаздыртқанша, сүрінген жеріңді біліп, кете салмадың ба?! Бауыржан мен Талғат, Рақымжандай ұлыларымызды, Қазыбектей қайсар ақындарымызды қазақ атауы десе жаны қастарға сатып, не ұтасың. “Өлетін теке қасқырмен ойнайды” деген осы…

Бақыт Смағұл,

Ақмола облысы 

Фейсбук парақшасынан