Бәсекеге қабілетті маман даярлау – заман талабы
2025 ж. 09 шілде
1984
0

Өткен ғасырмен салыстырғанда, бүгінгі ғасырдың адамына қойылар талап жоғары. Бұрын жұмыс істеп, тиесілі еңбекақысын алып қана өмір сүрген болса, қазір адамдар тиесілі қызметін атқарумен қатар, ақпаратқа ашық, жан-жақты білімді болуға міндетті. Яғни, осы бағытта әрбір сала бойынша маман кадрларды дайындауға айрықша зор көңіл бөлінуде. Бұл өз кезегінде білім беру ісін ғана емес, қазақстандық ғылымды дамытуға зор ықпал етуде.
«Жаңа гуманитарлы білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, антропология, инновация, медиа салалары бойынша 100 кітаптың тұсауы кесіліп, 10 мың дана таралыммен республиканың түкпір-түкпіріндегі кітапханаларына таратылған. Аударылған кітаптардың электронды нұсқасы жасалып, қашықтықтан оқыту кезінде студенттер мен оқытушылар оның игілігін көрді.
Сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосқан тағдырлы, жетістікке жеткен адамдар көп. Біз олардың әрқайсысымен мақтануымыз керек. Бұл фактілердің барлығы біздің елде жан-жақты дамыған, өзінің потенциалын ұштай түсетін қоғам қалыптасқанын көрсетеді. Себебі, әр салада жетістікке жетуге талпынған жұрттың қарасы көп. Біз оларды аяулы мемлекетіміздің нәтижелі жобалары арқылы қолдап жатырмыз. Біздің мақсатымыз да – оқытып жатқан мамандығымыздың майталмандарын жасау. Олар да заманға сай, бәсекеге қабілетті, білімді болғанын көздейміз.
Мемлекетіміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жастар – қашан да тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалануымыз керек» деген болатын. Біздің басты мақсатымыз да осы. Жас ұрпаққа сапалы білім беруде қара шаңырақ – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің де үлесі зор. Университеттің Экономика және бизнес жоғары мектебі «Бизнес-технологиялар» кафедрасы «Маркетинг», «Логистика (салалар бойынша)», «Халықаралық логистика», «Халықаралық маркетинг» оқу бағдарламалары бойынша заманға сай жаңа үлгіде мамандарды даярлап жатыр. Халықаралық академиялық ұтқырлық шеңберінде Маркетинг және Логистика оқу бағдарламалары бойынша кафедра студенттерің және болашақ түлектерінің білімділігін, біліктілігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін белгілі пәндердің тақырыптары бойынша курстар өткізуге Айжаз Шейх (Финляндия), Bianchi Isaias (Бразилия), Толуев Юрий Иванович (Латвия, Германия) сынды шетелдік профессорлар шақырылды. Мұндай мамандарады тарту кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамын кәсіби дамыту, түрлі академиялық және ғылыми мәселелер бойынша кеңес беру және тәжірибе алмасу мақсатында жүзеге асырылады. «Бизнес – технологиялар» кафедрасы болашақта осындай білікті шетелдік профессорлармен бірлескен ғылыми зерттеулер, пәндер бойынша тақырыптық дәрістер, конференциялар өткізуге және ынтымақтастық қатынастарды дамытуға ниетті.
Пандемия кезінде кафедра алғаш болып «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультетінде қашықтан оқыту бойынша академиялық мобильділікті ұйымдастырды. Академиялық мобильділік бойынша 2020-2021, 2021-2022 оқу жылында Мәскеу қаласының «Российский университет дружбы народов» және Барнаул қаласының «Алта́й мемелекеттік университетінің» студенттері біздің кафедрадан білім алуда.
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының бесінші міндетінде қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі көзделген. Осынау міндетті орындау аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ауқымды істер атқарылып келе жатқанын айтуға тиіспіз.
Атап айтқанда, «Бизнес-технологиялар» кафедрасы халықаралық серіктестермен өте берік және кең байланыстарға ие. Білім беру мен мамандар даярлау сапасын арттыру мақсатында кафедра өз студенттерін, магистранттарын және докторанттарын академиялық ұтқырлық (Венгрия, Португалия, Ресей, Испания, Италия, Польша және т.б.), біліктілікті арттыру, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тәжірибе, тағылымдамалар мен бірлескен жобалар үшін әріптес университеттерге жібереді.
Жұмыс берушілермен тұрақты ынтымақтастық және олардың оқу процесіне тартылуының арқасында кафедра «Pride Logistics Service» ЖШС, «НЦП ID Group (Innovation Development Group)» ЖШС, «Up Consulting» ЖШС, «Алау Транс» ЖШС-мен кафедрамыздың филиалдары құрылды.
«Бизнес-технологиялар» кафедрасының базасында «Маркетинг агенттігі» және «Smart Logistics» студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Үйірмелер кафедраның студенттері және жас ғалымдарымен ғылыми жұмысты жетілдіру, Қазақстан Республикасы экономикасының түрлі салаларында жұмыс істеу үшін білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кафедра дайындаған оқу бағдарламалары FIBAA, KazSEE сияқты жоғары білім беру сапасын бағалау агенттіктерінің беделді халықаралық аккредитациясынан өтіп, АРТА, НАОКО, РРА, QS рейтингілерінде жетекші орын алып, өз сапасын дәлелдеді. Нәтижесінде, кафедра әртүрлі ұйымдық-құқықтық меншік нысанындағы кәсіпорындар үшін жоғары білімді және креативті маркетологтар мен логистерді даярлай алды. Бұл өз кезегінде «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының орындалуына қосылған зор үлес болды десек артық айтқандық емес.
ҚазҰУ-да студенттерде азаматтық жауапкершіліктің жаңа әлеуметтік тәжірибесі мен жаңаруға деген ішкі ұмтылысын қалыптастыру мақсатында инновациялық тәрбие жобалары іске асырылуда. «100 кітап», «Айналаңды нұрландыр», «Культ здорового тела», «ҚазҰУ - green campus», «Университет вне коррупции» сынды университеттік жобалар жастардың азаматтық және рухани-адамгершілік тәрбиесіне зор ықпалын тигізуде. Осы жобалар негізінде кафедраның куратор-эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен кураторлық сағаттар, әдеби кездесулер мен дебаттар, дөңгелек үстел, конференциялар және арнайы кештер өткізіліп тұрады. Мұның барлығы білім алып жатқан логистеріміз бен маркетологтарымыз кез-келген экономика саласында бәсекеге қабілетті, білікті және білімді маман болуына мүмкіндік береді.
Дамудың жолы рухани құндылықтардан қол үзбей, заман талабына қарай бейімделу. Бұл логистика және маркетинг сияқты экономиканың басым салаларда да көрініс табуы керек. Біздің кафедра бұл мәселені кенже қалдырған жоқ. Қазақстанның патриоттық рухтағы жастарының жаңа буынына білім беру арқылы кафедрамыздың оқытушылары, көрнекті академик-профессорлар, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылыми қызметкерлері мен доценттері үлкен үлес қосуда. Ұлт болашағы бүгінгі жастар қолында, ал рухани құндылықтар кез-келген маманның өз саласында майталман болуына себепші болады.
Атап өту керек, былтыр National H-index Ranking қазақстандық ғылыми мекемелердің, ұйымдар мен оқу орындарының рейтингінің нәтижелерін жариялады.
Kazakh National H-index Ranking жылына екі рет – екінші және төртінші тоқсанда жаңартылып отырады. Рейтинг ғылымиометриялық платформалар мен Google Scholar, Web of Science және Scopus сияқты дерекқорлар деректерімен анықталатын Хирш индексіне (h-индекс) негізделген.
Төртінші тоқсанда ТОП-10-ға кіретін барлық ЖОО ұлттық Н-индексінің өскенін көрсетті. Ең жоғары нәтижелерді келесі мекемелер көрсетті:
Назарбаев Университеті: +8.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ: +6.
Қазақ ұлттық медицина университеті: +6.
Өзінің Хирш индексін арттыру – Scopus, Web of Science және Google Scholar сияқты халықаралық ғылыми-метрикалық деректер базалары мен платформаларында ғылыми зерттеулерді жариялау арқылы қол жеткізуге болатын маңызды қадам. Бұл жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің халықаралық рейтингтердегі орнын жақсартады, бұл өз кезегінде Қырғызстанның ғылыми әлеуетін дамытуға, ғылыми зерттеулерге қаржы тартуға, жоғары білікті мамандарды, дарынды студенттер мен жас ғалымдарды тартуға ықпал етеді.
2024 жылға қарай Қазақстанда 117 жоғары оқу орны бар, оның ішінде: 11-і ұлттық, 27-сі мемлекеттік, 15-і акционерлік, 47-сі жекеменшік, 2-і халықаралық, 14-і азаматтық емес және 1-і автономиялық.
2018 жылдан бастап университеттер академиялық және басқарушылық дербестік аясын кеңейтті. Бұл дегеніміз, оқу орындары жұмыс берушілердің жас мамандарға деген заманауи талаптарына сай болса, оқу бағдарламаларын өздері әзірлеп, жүзеге асыруға құқылы.
Қазақстан үкіметі жастардың ел ішінде жоғары білім алуына мүдделі. Жергілікті жоғары оқу орындарының студенттерін қолдау үшін оқу орындарында гранттар, квоталар, шәкіртақылар және академиялық ұтқырлық бағдарламалары енгізілді.
Көптеген университеттер талапкерлерге ішкі қаржыландыру мен оқу ақысына жеңілдіктер береді, бұл ректордың гранттары деп аталатындар. Студенттің сол қалада білім алып, мамандығы облыстағы сұранысқа ие болған жағдайда жергілікті атқару комитеті төлейтін болса, әкімдік грантының бағдарламасы да бар.
Қазақстанда алған жоғары білім туралы дипломдар мен ғылыми дәрежелерді ЕАЭО және ТМД-ға мүше мемлекеттер таниды. Бұрын бұл дәрігерлердің, фармацевттердің, заңгерлер мен мұғалімдердің құжаттарына қатысты емес еді. Бірақ 2024 жылдан бастап соңғы екі санаттағы мамандар үшін де дипломды тану тәртібі жойылды.
Надира ТҰРЛЫБЕКОВА,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
«Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы
Қарлығаш МҰСА,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
«Бизнес-технологиялар» кафедрасының оқытушысы
qazaquni.kz