Отандық ғылым дамуының серпіні

Отандық ғылым дамуының серпіні

Әлемдегі соңғы ғылыми-техникалық жаңалықтарға көз жүгіртсек, ғылым өміріміздің барлық дерлік саласын қамтитынын байқаймыз. Соңғы кездері Қазақстанда ғылыми әзірлемелер тұрғысынан көптеген өзгерістер мен жаңалықтар енгізілді. Негізінен, мемлекет тарапынан қолдау тапқан көптеген ғылыми жобалардың хабарландырулары бәсекелестік жағдайында жүзеге асырылуда. Бұл жағдайда ақпаратты өндірумен қатар, кейбір бюрократиялық процедураларды аяқтау қажет. Екінші жағынан, қатысушылардың түрлі ғылыми критерийлерге сәйкестік деңгейі де тексеріледі. Бұл процедуралардың барлығы қазіргі таңда маңызды өзгерістер үдерісінен өтіп жатқанын айтуға болады. Ең алдымен, ғылыми жоба конкурстарының саны айтарлықтай ұлғайғанын және жоба аясында талап етілетін бюрократиялық процедураларда әртүрлі икемділіктерді қамтамасыз ету арқылы қатысушылардың іс қағаздарын жүргізуге кететін уақытын азайтуға бағытталған қадамдар жасалғанын ерекше атап өткен жөн. Жалпы, ғылыми жобаларға қатысатын үміткерлерден сұралатын ғылыми жарияланымдағы атау мен басқа да көрсеткіштер үшін жолақты көтеру арқылы, сандарға емес, жарияланымның сапасына назар аудару сияқты бірқатар қажетті бағалау және өлшеу процестері жаңартылғанын атап өтуге болады. Ең алдымен соңғы жылдары Қазақстанда жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына қойылатын талаптар күшейтіліп, толықтай қайтатексеруден өткізу негізінде сапасыз Жоғары оқу орындары (ЖОО) мен колледждер қысқартылды. ҚР Білім және ғылыми министрлігінің 2021 жылы шілдедегі мәліметі бойынша, Қазақстандағы ЖОО жалпы саны 2019 жылғы 132-ден 2020 жылғы 128-ге, 2021 жылы 124-ге қысқарған. Ал, техникалық және кәсіптік білім беретін колледждер жалпы саны 2019 жылы 801 болса, 2020 жылы 795, 2021 жылы 778 болды. ЖООлар мен колледждердің сапасына және ғылымға қойылатын талаптардың жоғарлауына байланысты соңғы жылдары университеттердің жаһандық рейтингісінде қазақстандық жоғары оқу орындарының үлесі артып келеді. 2016 жылдан бастап QS World University Rankings рейтингіне кірген қазақстандық жоғары оқу орындарының саны 8-ден 14-ке дейін артты. Ал, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Times Higher Education рейтингіне кірді. 2021 жылдың қотындысы бойынша, қазір еліміздегі ЖОО-ларда жалпы 618,090 адам, оның ішінде 576,557-сі бакалавриат, 34,619-ы магистратура және 6,914-і докторантура бойынша, ал, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында жалпы 475,960 студент біліп алып жатыр. ЮНЕСКО Статистика институтының (UIS) дерегі бойынша, Қазақстандағы әрбір миллион адамның 790-ында ғылыми атақ бар. Осы бағытта соңғы жылдары жоғары білім беру саласындағы оң өзгерістердің бірі – студенттерге бөлінетін мемлекеттік гранттар саны мен мемлекеттік стипендияның артуы болғаны мәлім. ҚР Білім және ғылыми министрлігінің 2021 жылы шілдедегі мәліметі бойынша, соңғы төрт жылда бакалавриат бағдарламаларына бөлінген гранттар саны 1,7 есеге, магистратура бойынша 1,8 есеге және докторантура бойынша 3,7 есеге артты. Сонымен қатар, соңғы төрт жылда алғаш рет барлық студенттерге арналған стипендия мөлшері 50%-ға арттырылды. 

ЖОО студенттерінің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы 31,423 ($72) теңгені, педагогикалық білім беру мен денсаулық сақтау дайындығы бағытындағы студенттерге 50,400 ($116) теңгені, магистранттарға 76,950 ($117) теңгені және докторанттар үшін 172,500 ($397) теңгені құрады. Соңғы жылдары Қазақстанда ғылымға бөлінетін қаржы көлемі айтарлықтай арттырылды. Мысалы, 2019 жылы Қазақстанда ғылымға жалпы 82,33 (шамамен $215.1 млн) миллиард теңге жұмсалса, 2020 жылы 89,03 (шамамен $215.6 млн) миллиард теңге жұмсалды. Яғни, бұл көрсеткіш 2019 жылы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) небәрі 0,12%- ына және 2020 жылы 0,13%-ына сәйкес келеді. Сонымен қатар, 2025 жылға қарай елімізде жалпы ішкі өнімнің 1%-ы ғылымға жұмсалады деп жоспарлануда. Басқа елдердің бюджетінен ғылымға жұмсалатын қаржының көлемін сарапқа салсақ, оның Ресейде жалпы ішкі өнімнің 1%-ы, АҚШ-та жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 3%-ы, Қытайда жалпы ішкі өнімнің 2,2%-ы ғылымға жұмсалатынын көруге болады. Eurostat статистикалық бюросы ұсынған мәліметтерге сәйкес, Еуропалық Одаққа (ЕО) мүше мемлекеттер ғылыми зерттеу жұмыстарына, жеке инвестицияларды есепке алмағанда, 306 миллиард еуродан астам қаражат немесе жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 2,19%-ын жұмсайды. 2020 жылы Еуропалық Одақ (ЕО) мүше мемлекеттер ғылым шығындарын жалпы ішкі өнімнің 3%-ына дейін арттыруды жоспарлаған, бірақ пандемияға байланысты бұл нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады. 2019 жылғы көрсеткіш бойынша, ғылымға ең көп қаржы жұмсаған елдер қатарына Швеция (ЖІӨ-нің 3,39%-ы), Австрия (ЖІӨ-нің 3,19%- ы), Германия (ЖІӨ-нің 3,17%-ы), Дания (ЖІӨнің 2,96%-ы), Бельгия (ЖІӨ-нің 2,89%-ы), Финляндия (ЖІӨ-нің 2,79%-ы) кірген. Әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда ғылымға бөлінетін қаржы алдағы уақытта тағы да артатын болады. Мысалы, ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ғылымға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту мәселесі де қарастырылып, алдағы 2-3 жыл ішінде ғылымға қазіргіден 2 есе көп қаржы бөлінетіндігі белгіліленді. ҚР Білім және ғылыми министрлігінің 2020 жылғы шілдедегі мәліметі бойынша, елімізде ғылыми-зерттеу және тәжірибелікконструкторлық жұмыстарымен айналысатын 386 ғылыми ұйым бар болып, оларда жалпы 21,843 ғылыми қызметкер жұмыс атқарады. Ғылыми қызметкерлердің зерттеу жұмыстарын ынталандыру бойынша соңғы жылдары шағын гранттар мен халықаралық каллоборацияға арналған гранттарды қамтыған гранттық қаржыландырудың жаңа түрлері енгізілді. Жоғарыда аталған ғылыми қызметкерлердің 7,420-сы 35 жасқа дейінгі жас ғалым болса, 2020-2022 жылдарға арналған 166 жоба жас ғалымдар тарапынан жүзеге асырылуда. Соңғы жылдардағы маңызды өзгерістердің қатарында ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мақсатында ғылыми жобалар үйлестірушілеріне қойылатын талаптар мен ғылыми жобалардан күтілетін нәтижелердің артуы байқалады. Яғни, бұл бағытта ғылыми жұмыстардың нәтижесін көрсетуші журналдардың сапасын арттыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Оның негізгі мақсаты Scopus және Web of Science халықаралық базасына кіретін журналдардағы талаптарға сәйкестендіру. Аталған журналдардың тізіміне негізінен ресми критерийлер бойынша таңдалған 177 басылым кіреді. Осы себепті қолданыстағы критерийлерді халықаралық талаптарға бейімдеу бойынша зерттеулер басталды. 

Осы зерттеулерге мысал ретінде жобалардың іріктеуден бастап қорытындыға дейін әртүрлі критерийлерге сәйкестігі тексеріледі. Бұл шарттар осы тізімге енгізілген отандық журналдарда жарияланған жарияланымдарға да кезең-кезеңімен қолданылатын болады. Бұл жағдайда басылымдардың саны емес, сапасына мән беріледі, сапалы контент үшін бәсекелестік артады және халықаралық деңгейдегі ғылыми басылымдарды шығарудың кәсіби академиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Елімізде Білім министрлігі бекіткен журналдар тізіміне енгізілген барлық отандық журналдарға қойылатын негізгі талаптар кезең-кезеңімен енгізілуде. Бұл жағдайда басылымдар саны айтарлықтай азаяды, бірақ басылымдардың сапасы артады деп айта аламыз. Жетекші дерекқорлардағы ғалымдар жариялаған жарияланымдар үлесінің үздіксіз артып отырғанын және бұл өсімнің 2015-2019 жылдар аралығында 1,5 есеге дейін өскенін ескерсек, ғылыми мақалаларда сапаға емес, санға мән беру мәселесі әлі де өзекті болып тұрғаны байқалады. Қазақ басылымдарының құрылымын ғылым салалары бойынша талдау жалпы массивте жаратылыстану (40%) және техникалық (25%) салаларындағы мақалалардың басым екенін көрсетеді. Салыстыру үшін, Web of Science Core Collection жарияланымдарының жалпы санында осы бағыттар бойынша жұмыстардың үлесі сәйкесінше 21% және 26% құрады. Бұл ретте медицина, биология және ауыл шаруашылығы ғылымдары сияқты ғылым салаларындағы қазақстандық басылымдардың көлемі 24%-ды құраса, жаһандық құрылымда бұл салалардағы ғылыми басылымдар сегменті 52%-ға жетеді. 

Әлемдік басылымдар құрылымындағы әлеуметтік ғылымдардың үлесі дәстүрлі түрде төмен және 11%-ды құрайды, бұл да қазақстандық көрсеткішке сәйкес келеді. Қорытындылай келе, Қазақстан ғылымындағы соңғы жылдардағы оң өзгерістер отандық ғылымның дамуына серпін беретінін болжау қиын емес. Бұл ғылым саласындағы жылдар бойы қалыптасқан күрделі мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Ол ғылымның барлық бағыты бойынша жаңа бетбұрыстардың жүргізіле бастағанын байқатады. Сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени жаңаруында ғылымның басты факторы ретінде анықталуы, қоғамда ғылым саласына деген керағар пікірлерді жоюда. Бұл қоғамның ілгері дамуында заманауи трендтерге негізделген ғылым сапасының қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Мұны посткеңестік кеңістікте Қазақстанның ғылым саласының оң нәтижелер көрсетуімен түсіндіруге болады. Мысалы, 2017-2020 жылдар аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша атқарылған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы да еліміздегі жоғары білім беру мен ғылыми зерттеу жұмыстарына жаңа бағыт-бағдар беруде. Сонымен қатар, жаңадан әзірленген «Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы» да алдағы уақытта Қазақстан ғылымының дамуына оң ықпал ететін болады.

Балжан Ешметова,

Қазақ үні