Алматыдағы Президент резиденциясы сүріліп, орнына саябақ салынады

Алматыдағы Президент резиденциясы сүріліп, орнына саябақ салынады

Алматыдағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды, деп хабарлайды "Қазақ үні". 

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.