«Қантөгісті тоқтатыңдар!»: Димаш Украинадағы жағдайға алаңдаулы

«Қантөгісті тоқтатыңдар!»: Димаш Украинадағы жағдайға алаңдаулы

Димаш Құдайберген Украинада болып жатқан оқиғаларға алаңдап, өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды "Қазақ үні".

Әнші өзінің Instagram-дағы парақшасына адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ екенін жазып, соғысты тоқтатуын сұрады.

- Әр әйел, әр ер адам бала сүйгісі келеді. Ұл-қыз өсіргісі келеді. Әр адамның өмірдегі жарқын арманы, мақсаты болады. Әр адамның өмір сүруге және бақытты болуға құқығы бар. Дүниені мейірімділік, өзара сыйластық пен махаббат құтқарады. Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ! Қантөгісті тоқтатыңдар! Соғысқа жол жоқ! - деп жазды Димаш Құдайберген.