Wi-Fi роутерінің ағзаға әсері қандай?

Wi-Fi роутерінің ағзаға әсері қандай?

Бүгінгі дәуірді ғаламторсыз елестету өте қиын. Тіптен үйімізге Wi-Fi роутерін ор-наластыру арқылы виртуалды әлемге еш кедергісіз еніп кете алатын жағдайға жеттік. Алайда, интернетті айтпағанның өзінде Wi-Fi роутерінің ағзаға айтарлықтай әсері бар екенін біле бермейміз.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мекте-бінің 7 сынып оқушылары Зере Байгожина мен Камила Дидарқызы осы мәселеге ғылыми негізде жауап іздеп көрді. Ол үшін олар тәжірибе жұмысын өсімдіктерге соның ішінде үрмебұршаққа (фасоль) жасап, оның өсуі мен дамуына Wi-Fi роутер сәулеленуінің әсерін бақылады және алдын алу жолдарын ұсынды.

Химия, география пәндерінің ұстаздары Меруерт Құдабекова, Шарипа Таласпаевалардың жетекшілігімен өткен жылдың қыркүйек айында қолға алынған ғылыми жобаның нәтиже-сіне жету үшін аз тер төгілмеген.

- Шәкірттеріміздің зерттеу жұмысы үшін сәулеленуге сезімтал өсімдік ретінде үр-мебұршақ таңдалып алынды. Үрмебұршақ тұқымдарын топыраққа егіп, Wi-Fi роутерінен әртүрлі арақашықтықта орналастырды. Олардың вегетациялық мүшелеріне бақылау жүр-гізді. Жұмыс алдындағы болжам толығымен расталды. Нәтижесінде Wi-Fi роутер сәуле-ленуі өсімдікке кері әсерін тигізгендігі анықталды. Егер қарапайым тілмен айтар болсақ, өсімдікті неғұрлым Wi-Fi роутеріне жақын орналастырған сайын оның өсуі мен дамуы едәуір тежеледі. Демек, ағзаға кері әсері бар. Өзгеріске көздері жеткен оқушылардың қы-зығушылықтары артып, алдын-алу жолдарын табуға тырысты. Л.Гущина, С.Анибаев есімді ғылыми кеңесшілердің ақылына сүйене отырып, Wi-Fi роутерді бетонмен, қорғасын қалқанымен қаптап, тәжірибені қайталады. Бұл жерде де өзгерістер байқалып, өсімдіктің тұтастай өсуі мен дамуында оң өзгерістер анықталды, - дейді ғылыми жетекшілердің бірі Меруерт Құдабекова.

Жуырда жас зерттеушілер осы жобаларын Щучье қаласында өткен XVII республи-калық «Зерде» конкурсына ұсынып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Ғылыми жетекшілер сөзіне қарағанда оқушыларымыз алдағы уақытта Wi-Fi роу-терінің адам ағзасына қаншалықты әсері барлығын зерттемек.