Алау берген “Ақ жолға” алғысымыз зор

Алау берген “Ақ жолға” алғысымыз зор

Түркістан облысы Келес ауданы “Біртілек” ауылы тұрғындары газ жеткізіп беруге ықпал еткен “Ақ жол” партиясы депутаттарына рахмет айтты. 

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Азат Перуашев пен Қазыбек Исамен кездесу үшін ауыл тұрғындары күре жолға шығып күтіп тұр екен.

Ауылдарына көгілдір от жетіп, газ жағып отырған “Біртілектіктердің” көңілдері де көтеріңкі екен. Кезінде газ жеткізу құрылысы талапқа сай жүргізілмегендіктен, төрт жыл бойы газсыз отырған ауыл 2020 жылы күзде дәл осы жолда “Ақ жолдықтарды” күтіп алып, арыздарын жеткізген еді. Ауыл тұрғындарының қолы қойылған хат Мәжіліс депутаты, “Ақ жол” партиясы төрағасы Азат Перуашевтің қолына тапсырылған болатын. 

Ал бір жылдан кейін,2021 жылдың күзінде “Ақ жол” фракциясының араласуымен ауылға газ берілді.

Аманаттарының орындалғанын шын ризашылықтарын білдірген “Біртілек” ауылының тілектері де аз болмады тағы да айтатын…

Бұл ауыл тұрғындары да айтқан ең басты мәселелер:

1. Ауылға су жетіспейді;

2. Зейнет жасын азайту керек;

3. Несие пайызын кеміту керек;

4. Азық-түлік бағасының қымбаттығы;

5. Көшелерді жарықтандыру керек;

6. Тыңайтқыш дәрілердің бағасы тым қымбат.

Тұрғындар алдында сөйлеген Азат Перуашев айтылған аманаттар орындалуына күш салатындарын жеткізді.

Алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берген ақ шашты аталар мен ақ жаулықты апалар “Ақ жолға” Ақ жол тіледі.

Депутаттар сапары Жетісай ауданында жалғасады.