Мұхтар Түменбай: Премьер мен оның орынбасарларына не ақыл керек?

Мұхтар Түменбай: Премьер мен оның орынбасарларына не ақыл керек?

Президент қатысқан үкіметтің кеңейтілген жиналысына қайта оралсам деп едім. Сол кезде бәрі Тоқаевтың сөздерін цитаталарға бөліп алып кетті. Соларды талқылаумен болды. Ал үкімет мүшелерінің есебі мен жоспарларына аса мән берген жоқ. Мені әсіресе Премьер Смайылов пен вице-премьер Склярдың берген есебі таң қалдырды.

Смайылов деген данышпан жалпы елдегі ахуалдан, халық санының кейде өсетінінен хабардар ма өзі? Премьер үстіміздегі жылы 30 мың орынға есептелген бала-бақшалар ашылады деп кәдімгідей даритып айтқанын естігенде алдымен өз құлағыма өзім сенбедім. Қайта тыңдап шықтым. Жоқ, рас, солай. 30 000 орын. Бұл қасқа елде жылына 400 мыңнан астам бала туылатынын біле ме? Қай жыртықты жамауға жетеді ол отыз мыңы? Қазірдің өзінде тек Алматыда 45 мың орын жетіспейді. Астанада 29 мың, Шымкентте 25 мың. Облыстар мен аудандардағы жағдай одан да нашар. Кімді жарылқамақ премьер 30 мың орынмен? Әлде республика бойынша кезекте тұрған 320 мың баланы 18 жасқа толғанда армияның орнына бала-бақшаға шақырмақ па? Қай бастарымен ойлап, неге сүйеніп осындай жоспарлар құатынын бір құдайдың өзі білсін. 

Премьердің бірінші орынбасары Роман Скляр да нағыз көз бояушының өзі. Монополияға қарсы агенттікпен бірлесіп 21 монополисттің тарифтерін төмендеттік дейді.. Солардың ішінде "Богатырь" кешенінен көмір шығаратын 2 км жалғыз темір жолды жеке меншікке алып алған бір ТОО бар екен. Жыл сайын сол жолдан көмір тиелген вагондар өткені үшін бұл мекеме 3,2 млрд теңге алып отырады. Ойлап қараңыздар, жалғыз жолды жеке меншікке беріп қойып, енді солардың тарифтерін түсірдік дейді. Ау, бұл нағыз коррупциялық схема екені анық көрініп тұр ғой. Және көмір өндіру сияқты стпатегиялық обьектіде. Түк бітірмей, "на ровном месте" 3,2 млрд теңгені жымқырып отыр ғой біреулер. Бірінші вице-премьер ол ТОО-ның жалғыз темір жол торабының 2 километрін қалай, қандай жолмен жекешелендіріп алғанын, құрылтайшылары кім екенін неге тексермейді? Неге ол 2 километрді мемлекетке қайтармайды? Дәл сондай жағдай Ақтау теңіз портында қалыптасқан. Белгісіз біреулер портқа апаратын жалғыз жолдың 18 км бөлігін жекешелендіріп алып, өткен-кеткендерден ақы алып отыр. Портқа жүк тасыған барлық жеке кәсіп иелері шағымданып отыр. Бірақ, бұл жерде де Скляр тек тарифті төмендетумен шектелді. Неге? Бұл да үлкен сұрақ. Қанша тарифтерін төмендеткенмен, мұндай арамтамақтар барда бизнес артық шығынға ұшырап отыратыны айдан анық. Соны түсіну үшін Премьер мен оның орынбасарларына не ақыл керек?

Мұхтар Түменбай, 

Фейсбук парақшасынан