24 қаңтардан бастап барлық мектеп офлайн оқиды – ҚР БҒМ

24 қаңтардан бастап барлық мектеп офлайн оқиды – ҚР БҒМ

Мұндай шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Білім беру ұйымдарының жұмыс алгоритмі мынадай болады:

Мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар) балаларды ата-аналарының өтініші бойынша қабылдайды.

600 балаға дейін оқушысы бар жалпы білім беретін мектептер толыққанды офлайн оқиды.

600-ден астам оқушысы бар мектептерде офлайн оқыту кезінде оқушылар саны 50%-тен аспауға тиіс. Бұл жағдайда БҒМ 1-4-сынып оқушыларын олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дәстүрлі форматта оқытуды ұсынады. Себебі бастауыш сынып балаларына қашықтан білім алу қиынға соғады.

5-11-сынып оқушыларына келер болсақ, мектеп әкімшіліктеріне балаларды штатты форматта оқыту, кейбір пәндер бойынша сабақтарды қашықтан оқыту форматына ауыстыру туралы ата-аналардың өтінішін ескеру ұсынылады.

Мектептерден тыс ұйымдардағы оқу:

Жеке сабақтар толыққанды офлайн форматта өтсе, 15 адамға дейінгі топтық сабақтар штаттық режимде ұйымдастырылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарда) жеке сабақтар мен 8 адамға дейінгі топтық сабақтар штаттық режимде жүргізіледі.

Еліміздің колледждері мен ЖОО-ларында оқу аралас форматта өтеді. Практикалық, лабараторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе штаттық режимде, дәрістер онлайн форматта өтеді.