Андрей Линник: Қазақстанда ұлттық ерекшелігі үшін кәсіпкерлерді қудалау атымен жоқ, болған да емес

Андрей Линник: Қазақстанда ұлттық ерекшелігі үшін кәсіпкерлерді қудалау атымен жоқ, болған да емес

Ресей Думасының халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Алексей Чепаның «бүгінгі таңда Қазақстанда орыстардың өз ісін жүргізуі және ұлты туралы ашық айтуы қауіпті» деген мәлімдемелері Қазақстан Республикасында да, Ресейде де қоғамның өткір пікірталасын тудырды.

Бұл даулы пікірге бірінші болып Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Андрей Линник жауап беріп, қазақстандық кәсіпкерлердің жағдайына қатысты пікір білдірді. 

«Қазақстанда ұлттық ерекшелігі үшін кәсіпкерлерді қудалау атымен жоқ, болған да емес. Бүкіл посткеңестік кеңістікте біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытуға барынша жағдай жасалған деп сеніммен айта аламын. Қазақстанның көп ұлттылығы сонша, біз ешкімді ұлттық негізде бөлмейміз, барлық халық бірін-бірі «аға – әпке» деп атайды.

Қазақстанда орыстарға ғана емес, өзге ешбір ұлт өкілдеріне қысым жасалмайды! Ешкімді қудаламайды! Мен кәсіпкерлер мүддесін абыроймен қорғап жүрген «Ақ жол» демпартиясының өкілі ретінде барлық бизнесмендердің бірдей қалыпты жұмыс істейтінін сеніммен айтамын. Мүмкін бір жерде осындай көріністердің жаңғырығы бар шығар. Бірақ! Барлығы жеке адамға байланысты, бұл мемлекеттік саясат емес.

Тіпті парламенттегі жиындар да мемлекеттік тілде де, орыс тілінде де қатар өткізіледі. Демек, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Чепаның айтқаны – оның жеке пікірі ғана», - деді А. Линник.