Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

10 қаңтар Қазақстан бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланған, деп хабарлайды Қазақ үні.

Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік тулардың барлығы төмен түсіріледі. Осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі.