ГАЗ ҚҰНЫ 50 теңгеге ТҮСЕДІ
2022 ж. 04 қаңтар
1104
0
Маңғыстау облысында сұйытылған газ құны 50 теңгеге төмендетіледі — Үкімет комиссиясы
Үкімет комиссиясы Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде Ақтау қаласының бастамашыл тобымен келіссөздер барысында қабылданған шешімдер жарияланды.
Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында Маңғыстау облысында сұйытылған газ құнын төмендету және литріне бағасын 50 теңгеден белгілеу туралы айтылды. Сондай-ақ, алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпау туралы кепілдік берілді.
Сондай-ақ, тараптар туындаған барлық мәселелерді сындарлы диалог аясында және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге келісті.
Айта кетейік, 3 қаңтар күні таңертең “ХАЛЫҚТЫҢ ОРЫНДЫ ТАЛАБЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС!”- атты талабымызды жазып, Жаңаөзеніктеоге үн қосқан едік.
Онда: “Мұнай мен газдың үстінде отырып газды қымбаттату деген қандай ұғымға сияды?
Әлде бұл тағы да, қарапайым халықтың шыдамын сынау ма?!.
“Ақ жол” партиясы фракциясы өткен жылы осыдан үш ай бұрын да, екі ай бұрын да, газдың, көмірдің және дизель отындарының қымбаттауына қарсы 2 рет депутаттық сауал жасаған болатын.
Мұнай мен газ және көмір өндіріп жатып, газ бен көмірге, жанар-жағармайға жарымау деген олигархтары үкіметтен күшті біздің елде ғана болатын жағдай шығар…
Елдің жағдайы жақсаруы үшін, халықтың орынды талабы орындалуы тиіс!”-деп жазған болатынбыз.
Яғни, “Ақ жол” партиясы осыдан 2-3 ай бұрын көтерген мәселе енді шешілмек.