Шымкенттегі қарттар үйінде мерекелік шара өтті

Шымкенттегі қарттар үйінде мерекелік шара өтті

Бүгін Тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай Шымкент қаласындағы Қарттар үйінде арнайы мерекелік іс шара болып өтті. Іс шараны мекеме басшысы Шырынбекова Шәрбат Оразәліқызы өзі басқарып жүрді. 

Мерекеге Арнайы Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Басқармасының басшысы Қайшыбеков Бақыт Сапарғалиұлы және сол басқарма басшысының орынбасары Ергешов Нурдаулет Рысбекұлы, 2-жедел аса маңызды істер жөнінде жедел уәкілі Алишеров Бақыт Серікұлы мырзалар мерекеге орай әрі қайрымдылық қолын созып, мекемеге медициналық УВЧ-60 аппаратын сыйға тартты! 

Тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай мерекелік көңіл күй сыйлап, қарттардың батасы мен мекеме басшысы Шырынбекова Шәрбат Оразәліқызының алғысын алған мырзаларға Алланың нұры жаусын дейміз! 

М. Құрманбаев