«Қазақ үні» агенттігінің бас редакторы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды

«Қазақ үні» агенттігінің бас редакторы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды

«Қазақ үні» ақпарат агенттігінің бас редакторы, белгілі ақын Азамат Тасқараұлы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды. 

Азамат Тасқараұлы ҚР Жазушылар одағының басқарма мүшесі. Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің Гран-при иегері. 

2012 жылғы ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. 

Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақ Республикасының 100 жылдығы мерекелік медальдерімен марапатталған. 

Көптеген халықаралық жыр мүшәйраларының бас жүлдегері. 

«Жусан қыз» жыр жинағының авторы. 

Азамат Тасқараұлы 2014 жылдан бері «Қазақ үні» ақпарат агенттігін басқарып келеді. Осы жылдар аралығында мемлекеттік тіл, әлеуметтік сала, қоғамдағы өзекті мәселелер тақырыптарын арқау еткен көптеген резонансты мақалалары жарияланды. 

Жалпы он бес жылдай ақпарат саласында қызмет етіп келе жатқан әріптесімізді құттықтай отырып, ұлт мүддесі жолында аянбай еңбек ете беруін тілейміз. 

«Қазақ үні» редакциясының ұжымы