ШҚО-да цифрлық технологиялар белсенді дамуда

ШҚО-да цифрлық технологиялар белсенді дамуда

Бүгінде ШҚО-да цифрлық технологиялар белсенді дамуда. Қала тұрғындары үйлерінде, дүкендерінде және кеңселерінде бейнебақылау камераларын жиі орнатады. Басты себеп-қауіпсіздік пен тыныштық. Бейне бекіту жүйесін орнатқаннан кейін кіреберістерде тәртіп сақталып, сонымен қатар камералар қылмыстарды ашуда шешуші рөл атқарады. Статистика бейнебақылау камераларының көмегімен құқық бұзушылықтардың 70% ашылатынын дәлелдеді.

 "Сергек" бейне бақылау жүйесі қылмыстың анықталуын арттыра отырып, қаланың қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді. Сыртқы бақылау камералары қылмыскерлерді көшеде және қоғамдық орындарда қылмыс жасау мүмкіндігінен айырады. "Сергек" бейне жүйесі жүргізушілерді жолдарда мұқият болып, жол ережесін сақтауда мол септігін тигізбек. Өскеменде "Сергек" камералары 74 реттелетін қиылыстарда және 85 тікелей учаскелерде орнатылды. Тек осы жылдың өзінде 14 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды.

Бұл қауіпсіз қала жүйесіндегі тағы бір қадам. Дәл қазір барлық камераларды бір бейне бекіту жүйесіне біріктіру жобасы қарастырылуда. 

МЖӘ аясында "Сергек" фото-бейне тіркеу жүйесі 

2022 жылы Семей қаласында енгізіледі. Жол қозғалысын бақылауды жүзеге асыратын автоматтандырылған фиксацияның 114 бейне кешені орнатылады. Қаланың өзінде 1000-нан астам бейнекамера орнатылып, мұның барлығы әр түрлі жағдайларда жедел әрекет етуге және шешім қабылдауға мүмкіндік береді

Цифрлық технологиялар, соның ішінде "Сергек" бейне тіркеу жүйесі өзінің тиімділігін дәлелдеді. Қауіпсіз қала жүйесі қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, бейқам өмірге оң қадам жасауына ықпал етеді.