ШҚО-ДА СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ШҚО-ДА СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" халыққа Жолдауында 

балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімділігіне назар аударды. Шығыс Қазақстанда 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен облыстың жалпы білім беретін мектептерінде қосымша 3 213 спорт секциясы ашылады. Осы жылдың өзінде 22 мыңнан астам бала 1300 спорт түріне барады. 

Шығыс Қазақстанда спорттық инфрақұрылым да кеңеюде. 2020 жылы 6 ірі жаңа спорт нысаны – 4 дене шынықтыру-сауықтыру орталығы және 2 бассейн пайдалануға берілді.2021 жылы дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы жүргізілуде. 

Бірнеше айдан кейін үстел теннисінің орталығы есігін айқара ашады. Нысан халықаралық стандарттарға сәйкес салынуда.

Еліміздің Шығысы өз чемпиондарын мақтан тұтады. Алтай волейбол клубы алғаш рет осы жылдың қазан айында Таиландта өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

Бүгін өңірдің спорт алаңдарында 2022 жылғы ақпанда Нұр –Сұлтан қаласында өтетін жабық ғимараттардағы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатына дайындық жүріп жатыр. Әлемнің ең мықты жеңіл атлеттері Қазақстан астанасында өз бақтарын сынамақ. 

 Шығыс Қазақстан облысы бұқаралық дене шынықтыруды дамытуда пирамидаға айналуы тиіс. Оның шыңына кіл мықтылар шығып, біз дені сау белсенді ұлтқа айналамыз. Ел президенті осы мәселелерді алды. Бүгінде облыстағы бұқаралық спортты дамыту бойынша кешенді жоспарды іске асыруда аталған мәселелер шешімін табады деп күтілуде.###