АРМАН ҚАЛА

АРМАН ҚАЛА

Астана- Қазақстан Інжуі, XXI ғасырдың бірегей архитектурасымен баәрап алар әсем қала. Оның бас сәулетшісі Елбасы болып табылады. Бүгінде ол Нұр-Сұлтан деп аталады. 

1994 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев астананы Ақмолаға көшіру жоспарын жариялады. 1995 жылғы 15 қыркүйекте "Қазақстан Республикасының астанасы туралы" Жарлыққа қол қойылып, онда жоғары биліктің Ақмола қаласына көшіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін мемлекеттік комиссия құруға өкім берді. 

Жаңа елорда іс жүзінде халықаралық стандарттардың барлық 32 өлшеміне: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, климатқа, ландшафтқа, сейсмикалық жағдайларға, қоршаған ортаға, инженерлік және көлік инфрақұрылымына, құрылыс кешеніне, еңбек ресурстарына сәйкес келді.

Ресми түрде Ақмола 1997 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстанның астанасы болып жарияланып, 1998 жылдың 6 мамырында Астана деп аталды. 

Дәл осы Астанада Қазақстанға және еліміздің бүкіл әлемдік тәртібіне қатысты түйткілді шешімдер қабылданып жатыр. Аты аңызға айналған қала әлемге әйгілі халықаралық орталық мәртебесіне ие болды. 

Мұнда жоғары халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, Тәуелсіздік сарайының бірегей ғимаратында ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті өтіп, онда Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылды. Сондай-ақ, ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жоғары деңгейдегі кездесулер, діни саммиттер, ЕҚЫҰ Парламенттік форумдары, БҰҰ аясындағы конференциялар да болды.