Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған “Ақ жол” партиясы Ұлттық кеңесінің пленумі өтті

Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған “Ақ жол” партиясы Ұлттық кеңесінің пленумі өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында "Ақ жол" демократиялық партиясының пленумы өтті. Алқалы жиынға "Ақ жол" партиясының басшылығы, партияның әр өңілдері филиалдары жетекшілері мен өкілдері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.

Салтанатты шараны алғысөзімен ашқан "Ақ жол" ҚДП төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев жиналғандарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

- Тәуелсіздік ата-бабаларымыздан мирас болып қалған ең ұлықты мерекеміз. Найзаның ұшымен, білектің күшімен осынау ұланғайыр даланы қорғап, көзінің қарашығындай сақтап, ұрпаққа аманат еткен асылдарымыздың арқасында бүгінде қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған егемен елде өмір сүріп жатырмыз. Қазақтың жері кейбір көрші елдердің саясаткерлері айтып жүргендей ешкімнен сыйға қалмаған, бұл бағзыдан бері алты Алаш қазақтың төл мекені. Иә, мемлекетіміз идеалды емес, жөндейтін кемшілік, жоятын проблемалар жеткілікті. Бірақ, өз өміріміздің, өз мемлекетіміздің тағдыры да, бостандығы да, жауапкершілік те - Мәскеуде не басқа біреуде емес, - өз мойынымызда. Сол Тәуелсіздігіміз, бостандығымыз, жауапкершілігіміз де - біздің ең үлкен байлық пен бақытымыз. Бүгінгі жиын аясында тәуелсіз еліміздің нығаюына өзінің сүбелі үлестерін қосып жүрген партия мүшелеріне, әріптестерімізге мемлекеттік марапаттарды табыстағалы отырмыз. Биыл "Ақ жол" мүшелері алғаш рет жиырмадан астам мемлекеттік наградаларға ие болып отыр. Бұл үлкен жетістік, - деді Азат Тұрлыбекұлы.

Пленум тәртібіне сай партия төрағасы "Ақ жол" мүшелеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыстады.


Марапатталғандардың қатарында, «Ақ жол» партиясы атынан Алматы қалалық маслихат депутаты, Алматы қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Көпесбай Жампейісов "Парасат" орденімен, «Арыс ақиқаты» газетінің редакциясы» ЖШС бас редакторы Әбдімәлік Ағыбай, «Казполиграф» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Талғат Омаров, «Ақ жол» партиясы атынан Шығыс-Қазақстан облыстық маслихат депутаты, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті», Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының профессоры Қуат Рахымбердин "Құрмет" ордендерімен, «Ақ жол» партиясының Халықаралық қатынастар бөлімінің директоры Әсем Аққожа, «Ақ жол» партиясының Ұлттық кеңес хатшысы, партияның заң бөлімінің басшысы Рустам Жұмағалиев, «Kolesa Group» ЖШС GR директоры Әлия Ракишева, "Қазақ үні" ақпарат агенттігінің бас редакторы Азамат Тасқараұлы "Ерен еңбегі үшін" медаліне, ие болғандар бар.


Сонымен қатар ұзақ жылғы қажырлы еңбегі және Қазақстан экономикасының қалыптасуына қосқан жеке үлесі, сондай-ақ Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты «Еңбегім еліме» құрмет белгісімен «Ақ жол» партиясы төрағасының Оңтүстік аймақтар бойынша кеңесшісі Қошмамбетов Асан, «Alageum Electric» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Абдрахманов Нұрмахан, Қазақстандық автобизнес бірлестігінің вице-президенті Мақашева Анар және тағы басқалары бар.


Сонымен қатар, шара барысында «Ақ жол» ҚДП Ұлттық кеңесінің шешімімен Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының партия филиалдары жетекшілері тағайындалды. «Ақ жол» партиясының ШҚО филиалы төрағасы болып Мақсат Шакиров, Жамбыл облысы филиалының төрағасы болып Мұханбетқали Шалқарбеков, Алматы қалалық филиалы төрағасы болып Олжас Нұралдинов тағайындалды. Ал, партияның Жамбыл облыстық филиалын осы уақытқа дейін басқарып келген Асан Қошмамбетов «Ақ жол» ҚДП төрағасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кеңесші болып тағайындалды.

Одан бөлек, пленум жұмысы аясында партиялық комиссия төрағасы мен мүшелері сайланды. Партиялық комиссия төрағалығына Евгений Кинцель, ал мүшелікке Нұртас Мандаев пен Гүлмайса Шаңбаева ұсынылды. Делегаттар арасында нағыз демократиялық сайлау орын алды: қарағандылық Бейбіт Оспанұлы өзін-өзі ұсынғаннан кейін, алдын ала келіскен акмолалық Нұртас Мандаев өз еркімен үзенгілесіне орын берді. Нәтижесінде, партиялық комиссия төрағасы болып Солтүстік Қазақстаннан Евгений Кинцель, мүшелері болып маңғыстаулық Гүлмайса Шаңбаева мен қарағандылық Бейбі Оспанұлы сайланды.






Марапатталғандардың толық тізімі:

14 желтоқсан 2021 жыл

2021 жылғы 2 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік –экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін

«Парасат» орденімен

1. Жампейісов Көпесбай Оразбайұлы

 «Ақ жол» партиясы атынан Алматы қалалық маслихат депутаты, Алматы қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Алматы қалалық Ұлы Отан соғысы, әскери қызмет және тыл еңбеккерлерінің ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары,

Алматы қаласы

«Құрмет» орденімен

2. Ағыбай Әбдімәлік Садықұлы «Арыс ақиқаты» газетінің редакциясы» ЖШС бас редакторы,

Түркістан облысы, Арыс қаласы

3. Омаров Талғат Төлегенұлы «Казполиграф» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттығына «Ақ жол» партиясынан үміткер,

Шығыс-Қазақстан облысы, Семей қаласы

4. Рахимбердин Қуат Хажымұханұлы

 «Ақ жол» партиясы атынан Шығыс-Қазақстан облыстық маслихат депутаты, «Ақ жол» партиясы облыстық филиал төрағасының орынбасары,

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті», Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының профессоры,

Шығыс-Қазақстан облысы,

«Ерең еңбегі үшін» медалімен

5. Аққожа Әсем Маратқанқызы «Ақ жол» партиясының Халықаралық қатынастар бөлімінің директоры,

Нұр-Сұлтан қаласы

6. Жұмағалиев Рустам Айсұлтанұлы «Ақ жол» партиясының Ұлттық кеңес хатшысы,

партияның заң бөлімінің басшысы,

Нұр-Сұлтан қаласы

7. Жұмабаев Дастан Жалбасбайұлы «Ақ жол» партиясы атынан Қостанай облыстық маслихат депутаты,

«Ақ жол» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары,

Қостанай облысы

8. Құлдыбаева Әсия Еделбекқызы «Ақ жол» партиясы атынан Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты,

Еуразиялық банктің Ақтөбе қаласындағы №3 филиалының директоры,

Ақтөбе облысы

9. Ракишева Алия Болатқызы «Kolesa Group» ЖШС GR директоры, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттығына «Ақ жол» Демократиялық партиясынан үміткер,

Алматы қаласы

10. Азамат Тасқараұлы «Қазақ үні» ақпарат агенттігінің бас редакторы,

Нұр-Сұлтан қаласы

11. Тлебаев Қанат Бейшенұлы

 "Тілек" ЖШС бас директоры,

Жамбыл облысы

12. Төлегенов Мұсабек Менлібайұлы Жезқазған қаласындағы «Ақ жол» партиясының өкілі, «Жезқазған көпсалалы колледж» жетекшісі

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

13. Үсентаев Ержан Рахымұлы «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары,

«Ак-Су Групп» ЖШС директоры, Түркістан облысы

14. Құдайбердиев Әділжан Махпиржанұлы «Ақ жол» партиясы атынан Іле аудандық мәслихатының депутаты,

«Жайнақ Ко» ЖШС бас директоры,

Алматы облысы

«Шапағат» медалі

15. Бадашев Алмаз Бекетұлы «WestGasOil РТЕ. LTD» ЖШС директоры, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттығына «Ақ жол» партиясынан үміткер,

Батыс-Қазақстан облысы

16. Елубаева Марал Қуандыққызы «Қарағанды медицина университетіңің” халықаралық медицина факультетіңің академиялық жұмысы бойынша декан орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттығына «Ақ жол» партиясынан үміткер,

Қарағанды облысы

17. Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы

 «Ақ жол» партиясы атынан Маңғыстау облыстық маслихат депутаты, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, Маңғыстау облысы

18. Шашкин Шыңғыс Сақайұлы Қазіргі заманғы неврология және нейрореабилитация «Shashkin Clinic» клиникасының директоры,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттығына «Ақ жол» партиясынан үміткер,

Алматы қаласы

19. Юсупов Ермекқали Төлепқалиұлы «Ақ жол» партиясы атынан Атырау облыстық маслихат депутаты,

«Атырау Көлік» ЖШС директоры, «Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы,

Атырау облысы

Құрмет грамотасымен

20. Байсеитов Ғибрат Мұратұлы «Ақ жол» партиясы атынан Қызылорда қалалық мәслихат депутаты, «Қызылорда қағазы» ЖШС директоры,

Қызылорда облысы

21. Мандаев Нұртас Боранбайұлы «Ақ жол» партиясы атынан Ерейментау аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер

Ақмола облысы, Ерейментау қаласы

22. Салықбаев Абзал Мырзаханұлы «Ақ жол» партиясы атынан Түркістан облыстық маслихат депутаты, «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы,

«Қазақстан Темір Жолы Жүк тасымалы» АҚ «Шымкент бөлімшесі» директорының бірінші орынбасары,

Түркістан облысы

Мәслихат депутаттарының жылдыұ қызметінің қорытындысы бойынша

Облыстық маслихаттар бойынша «Үздік депутат» медалінің иегерлері

23. Абдрахманов Шыңғыс Бәсиеұлы

 Жамбыл облыстық мәслихат депутаты

24. Жақыпбаев Талғат Өмірзақұлы

 Қызылорда облыстық мәслихат депутаты

25. Шиллер Марина Васильевна Қарағанды облыстық мәслихат депутаты

26. Шаңбаева Гүлмайса Қонаққызы

 Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты

Қалалық маслихаттар бойынша «Үздік депутат» медалінің иегерлері

27. Төлегенов Ноян Назарұлы

 Шымкент қалалық мәслихат депутаты

28. Мансуров Ардақ Үсенұлы

 Түркістан қалалық мәслихат депутаты

29. Горяной Сергей Викторович

 Қапшағай қалалық мәслихат депутаты

30. Казанин Юрий Викторович

 Орал қалалық мәслихат депутаты

31. Мұқаш Мақсат Асқарұлы

 Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты

Аудандық мәслихаттар бойынша «Үздік депутат» медалінің иегерлері

32. Ищанова Айгүл Бауыржанқызы Ақтөбе облысы, Хромтау аудандық мәслихат депутат депутаты

33. Кудайбердиев Амангельды Касымжанұлы Алматы облысы,

Талғар аудандық мәслихат депутаты

34. Мусагитов Құрманғазы Айтқазыұлы Шығыс Қазақстан облысы,

Жарма аудандық мәслихат депутаты

35. Джумагалиева Гүлмира Сабырқызы Атырау облысы,

Махамбет аудандық мәслихат депутаты

36. Дүйсенов Серік Чапайұлы Батыс Қазақстан облысы,

Бөрлі аудандық мәслихат депутаты

37. Жүнүсова Әлия Киікбайқызы Қостанай облысы,

Қостанай аудандық мәслихат депутаты

38. Даулетбаев Азамат Сембірұлы Қарағанды облысы,

Қарқаралы аудандық мәслихат депутаты

39. Омарова Диана Хамзиқызы Солтүстік Қазақстан облысы,

Мамлют аудандық мәслихат депутаты

40. Шарасулов Бобур Юсанович Түркістан облысы,

Сайрам аудандық мәслихат депутаты

41. Сагиев Мақсат Ерсаинұлы Павлодар облысы,

Железинский аудандық мәслихат депутаты

Ұзақ жылғы қажырлы еңбегі және Қазақстан экономикасының қалыптасуына қосқан жеке үлесі,

сондай-ақ Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты

«Еңбегім еліме» құрмет белгісімен

42. Қошмамбетов Асан Ануарұлы «Ақ жол» партиясы төрағасының Оңтүстік аймақтар бойынша кеңесшісі

43. Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы «Ақ жол» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депутаты

44. Абдрахманов Шыңғыс Бәсиеұлы Жамбыл облыстық мәслихат депутаты

45. Салықбаев Абзал Мырзаханұлы «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихат депутаты

46. Төлегенов Ноян Назарұлы

 Шымкент қалалық мәслихат депутаты

47. Байсеитов Ғибрат Мұратұлы Қызылорда қалалық мәслихат депутаты

48. Мандаев Нұртас Боранбайұлы

 Ерейментау аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер

49. Джумагалиева Гүлмира Сабырқызы

 Атырау облысы, Махамбет аудандық мәслихатының депутаты

50. Горяной Сергей Викторович

 Алматы облысы, Қапшағай қалалық мәслихат депутаты

51. Құдайбердиев Амангелді Қасымжанұлы Алматы облысы, Талғар аудандық мәслихат депутаты

52. Жанғожин Жандарбек Исатайұлы Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық мәслихат депутаты

53. Марасұлов Тимур Мырзазизұлы Дәрігер, стоматолог

54. Өмірзақов Төлебек Қазенұлы «Торғай» ЖШС директорының орынбасары

55. Мурзабаева Гүлнара Жанайдарқызы «Торғай» ЖШС бухгалтері

56. Абдрахманов Нұрмахан Исалханұлы «Alageum Electric» АҚ Директорлар Кеңнсінің Төрағасы

57. Мауленқұлов Ерлан Ертайұлы «Электромонтаж» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры

58. Өмірзақов Бекзат Төлебекұлы «Первый Автомобильный Ломбард» ЖШС директоры

59. Шалаев Виктор Васильевич Жансақтау бөлімінің меңгерушісі, анестезиолог-рениматолог дәрігер

60. Раев Ерлан Азмедұлы «Ерейментау-Агро» Несие серіктестігінің Төрағасы

61. Садықова Лаура Үмітбекқызы

Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры

62. Аюпов Нұрмұхамед Нұрланұлы Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Өнеркәсіптік саясат департаментінің директорының орынбасары

63. Әлібеков Олжас Әділұлы Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары

64. Рахымжан Айдын Жомартұлы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ индустриалдық саясат Дирекциясы директорының орынбасары

65. Бузурбаев Ерлан Маркленұлы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ индустриалдық саясат Дирекциясының бас маманы

66. Мақашева Анар Жанарқызы Қазақстандық автобизнес бірлестігінің вице-президенті

67. Мажитов Құмырлық Рамазанұлы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы

68. Ивченко Евгений Юрьевич Павлодар машинажасау зауытының директоры

69. Досымбаева Меруерт Құрманғазықызы «BusinessladyKz» Қоғамдық Бірлестігінің директорлар кеңесінің мүшесі,

Сатпаев қалалық мәслихатына «Ақ жол» партиясы атынан үміткер

70. Новичков Александр Сергеевич

  «ТССП Казахстан» ЖШС инженері

71. Кушенов Сұлтан Бахытұлы Түркістан облыстық мәслихат депутаты

72. Мансуров Ардақ Үсенұлы Түркістан қалалық мәслихат депутаты

73. Шарасулов Бобур Юсанович Сайрам аудандық мәслихат депутаты

Қазақ Республикасының 100 жылдығы құрметіне және «Алаш» ұстанымдары мен ұлттық құндылықтарды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін

«Қазақ Республикасына 100 жыл» мерекелік медалімен

74. Ғалымбек Елубайұлы 25-томдық "Ақ жол" (газеті) жинағын құрастырушылардың бірі.